Жаңа Зеландия жерінде әлемдегі ең ұзын су сырғанағы орналасқан. Оның ұзындығы – 600 метр. Келушілер бұл сырғанақпен бір жарым минут бойы сағатына 53 шақырым жылдамдықпен сырғи алады. "Жүз рет естігенше, бір рет көр" демекші, таңғажайып әсер сыйлайтын көрініске өзіңіз де куә болыңыз!