Әлемдегі ең үлкен тәттілер дүкені

Жер бетіндегі ең негізгі әрі ең үлкен кондитерлік дүкен осыдан бір жыл бұрын Дубайда ашылған болатын.

Солай бола тұрғанмен де, «Бурдж-Халифа» сынды супер-жобаларды меңгере алған арабтарға дүкенді игеру қиынға түсті.

Сондықтан да, мұндағы тәттілердің мыңдаған түрі ғана дубайлықтардың төл тәттілері болса, қалғандары планетамыздың түкпір-түкпірінен жинап әкеліп қойылғандар екен.

Мәселен, бірнеше келі чупа-чупстер – Испаниядан, жаңғақты бәліштер – Түркиядан, Hello Kitty шоколадтары – Жапониядан, жүгері мен бұрыш қосылған шоколадтар – Мексикадан, балмұздақтың 50 түрі – Италиядан, «Malossol» уылдырықтары – Ресейден әкелінген.

Қысқасы, Candylicious аталатын бұл дүкеннен өзіңізге қажетті кез келген кондитерлік өнімді еш қиындықсыз таба аласыз.

Суреттер:turgid.ru,ostrovok.ru,tokyogirl.mindmix.ru,princesshermion.beon.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева