Францияда әлемдегі ең үлкен жолаушылар кемесі соңғы сынақтан өтіп жатыр. Саяхат лайнеріне «Теңіздер үйлесімділігі» атауы берілген.
Су көлігі 7 мың жолаушы мен 2 мыңнан астам экипаж мүшесін тасуға қауқарлы. Оның ұзындығы – 360 метр, биіктігі – 10 қабатты үймен тең. Сонымен қатар кемеде 1400 орынға арналған театр, 40 мейрамхана, бассейндер, хауыздар мен дүкендер бар. Бұдан басқа, баскетбол және гольф алаңы да қарастырылған. Тағы бір қызығы, су сырғанағы жасалған. Бағасы 1 млрд еуро тұратын лайнерге тапсырыс берген адамға кіру билеті мамырда берілмек.
Дереккөз: 24.kz