Әлемдегі ең үлкен дүкен

Әлемдегі ең үлкен дүкен

Дүкендердің де Гиннестің Рекордтар Кітабына енетінін бұрын соңды білуші ма едіңіз? Әрине, айтып отырғанымыз сіздің күнделікті көріп жүрген қарапайым дүкендер емес, ең таңдаулысы ғана. Мәселен, әлемдегі ең үлкен дүкенді көргіңіз келсе, Оңтүстік Кореядағы Пусан қаласына сапар шегуге тура келеді.

Осы алпауыт кореялық порт және Оңтүстік Кореядағы көлемі жөнінен екінші үлкен қала өзінің Shinsegae компаниясы тұрғызған ерекше дүкенімен мақтана алады. Дүкеннің алып жатқан аумағы 293 905 шаршы метр. Ашылу салтанаты 2009 жылы болып өтті.

«Синсэге Сентум Сити» - бұл жай ғана қаланың көркін келтіріп тұрған дүкен емес, мұнда сіз сауда жасап қана қоймай, тамақтанып, кино қарай аласыз, спортпен айналысасыз, саунаға немесе түрлі ойын-сауыққа арналған бөлмелерге бас сұғуға болады.

Ғимараттың құрылыс жұмыстарына американдық Каллисон және итальяндық Клаудио Сильвестрин сынды өте танымал сәулетшілер қатысқан болатын.

Ал әлемдегі ең үлкен сауда орталығы(бір аумақта бірнеше дүкен орналаса алады) Біріккен Араб Әмірлігінің ең алып қалаларының бірі Дубайда бой көтерді. Дубай Моллдың ішкі аумағы 548 127 шаршы метрді құрайды. Шопингтің көкесі осындай дей беріңіз!

Дубай Молл әлемдегі ең биік мұнара Бурдж Халифаның жанында орналасқан. Жан-жақты әрі озық үлгіде безендірілген ғимараттың ашылу салтанаты 2008 жылдың қараша айында өтті.

Елу футбол алаңы сыйып кететін осыншама үлкен ғимаратта не бар дейсіз бе? Тізімімен танысып шығыңыз:

  • 1200 дүкен
  • Олимпиадалық сайыстарды өткізуге де болатын өте үлкен сырғанақ
  • әлемдегі ең үлкен жабық аквариум
  • Galeries Lafayette универмагы
  • KidZania балаларға арналған ойын-сауықтыру кешені
  • Gold Souk атты алып алтын базар
  • SEGA тақырыптық саябағы
  • The Grove ажырамалы көшесі
  • 22 кинозал
  • 250 нөмірлік(люкс) қонақ үй
  • 120 мейрамхана және кафе
  • 14000-нан астам көлікке арналған автотұрақ


Сондай-ақ сауда орталығында «Candylicious» атты әлемнің ең таңдаулы тәттілері ұсынылатын дүкен бар. Оның алып жатқан аумағы 10000 шаршы шақырым. Молл ашылған алғашқы аптада бұл дүкенге 750000 адам бас сұқса, бір жылда 37 млн. адам сауда жасаған екен.

 

Суреттер:vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева