- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Әлемдегі ең үлкен...
Әлемдегі ең үлкен бассейн Жапонияда салынады
Осака қаласына қарасты Дотонборидегі ескі су арнасын жергілікті билік органдары әлемдегі ең үлкен әлеуметтік бассейнге айналдырмақ.
Болашақта салынады деп жоспарлап отырған бассейннің ұзындығы 800 метр болмақ. Ол батыстан шығысқа қарай яғни Yotsubashisuji көшесінен Sakaisuji көшесіне дейінгі аралықта салынатын болады. Әлемдегі ең үлкен әлеуметтік бассейннің ашылу салтанаты 2015 жылға қарай жоспарланып отыр.
Дотонборидегі ескі су арнасы қаласының ауданымен қиылысады. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, су қоймасы дәл қазір жарамсыз күйде: суы өте лас және су арнасының жағалауында ешқандай да қауіпсіздік сақталмаған.
2013 жыл
Жоспардағы 2015 жыл
Сол өңірде салынған жаяу жүргіншілерге арналған жол ауданның көркейіп, жаңаруына жаңа жол ашқан еді. Ендігі мақсат – Дотонбори бассейнінің құрылыс жұмыстарын бастау. Бұл бассейн қаланың жаңаруындағы екінші бастама болмақ. Бассейн салу үшін алдын ала жергілікті тұрғындардан сауалнама жиналған. Нәтижесінде тұрғындардың 71 пайызы су қоймасын бұзып, орнына бассейн салуға келісімін берген.
Бассейнге су сутартқыш арқылы толтырылатын болады. Кешен маусым айының соңында ашылып, қыркүйектің басына дейін жұмыс жасайтын болады. Әзірге бассейнге кіру ақысы 1000 йен ($10) деп жоспарланып отыр. Ал әр сағатқа 500 йен ($5) төленеді.
Әйткенмен Чили Алгаробо қаласындағы Сан-альфонсо дель Мар шипажайында орналасқан бассейн әлемдегі ең үлкен бассейн саналады. Оның ұзындығы 1 километр, жалпы алаңы 8 гектар жерді құрайды. Ол көлемі бойынша, 20 олимпиада бассейнінен асып түседі әрі көлемі жағынан екінші орында келе жатқан (Касабланка, Марокко) бассейннен 6 есе үлкен. Бассейн сонымен қатар Гиннесс рекордтар кітабына әлемдегі ең терең бассейн ретінде де енген. Оның ең терең жері 40 метрге жетеді. Алып бассейн тікелей теңіз суымен толтырылады. Ол судың ағуы компьютер жүйесі арқылы басқарылады. Су теңізден (мұхиттан) тартылып, күн сәулесімен 26 градусқа дейін қызады. Алып бассейнді толтыру үшін 250 миллион литр су қажет екен. Судың мөлдірлігі соншалық, тіпті ең терең жердің өзінде теңіз түбін көруге болады.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: ru.molbuk.ua
А. Әбілхан