- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Әлемдегі ең ірі...
Әлемдегі ең ірі аквапарктер
Жаздың жайдары күні суға түсіп, қызықтағысы келген оқырмандарымызды әлемнің ең ірі аквапарктерін тамашалауға шақырамыз. Бұл топтамадан ең үлкен су аттракциондары мен төбешіктерді көре аласыздар.
Raging Waters, Сакраменто, АҚШ
Бұл – АҚШ-тың Калифорния штатындағы ең ірі аквапарк. Оның ішінде 36 төбешік пен аттракцион орналасқан. Балаларға, жасөспірімдерге, ересектерге арналған арнайы бөлімдері бар екен. Әрқайсысындағы судың көлемі сәйкесінше артып отыратын көрінеді.
Holiday World & Splashin’ Safari, Санта-Клаус, АҚШ
Бұл аквапарк те АҚШ-та орналасқан. Оның ішінде әлемдегі ең ұзын екі төбешік бар. Олардың әрқайсысы 500 метрден де ұзын. Сонымен қатар, 48-ге жуық ойын-сауық бөлімі бар.
Magic Springs, Арканзас, АҚШ
Мына аквапарктың іші экстремалды ойындарға толы. Ойын-сауық орталығы жеті бөлімнен тұрады.
Hersheypark, Херши, Пенсильвания
Бұл аквапаркте Америкадағы ең үлкен аттракцион орналасқан. Оның үлкендігі соншалық, келушілерге бір айналғанда үш тоннаға жуық су шашады екен.
Massanutten Resort, Вирджиния, АҚШ
Бұл аквапарктың алдыңғыларынан айырмашылығы – төбесі жабық ғимараттың ішінде орналасқан. Жыл он екі ай үздіксіз жұмыс істеп тұрады екен.
Avalanche Bay, Мичиган, АҚШ
Мына аквапарк те жабық ғимарат астында орналасқан. Бір ерекшелігі бұл аквапарктің суы үнемі жылы болып тұрады екен.
Schlitterbahn, Техас, АҚШ
Бұл аквапаркте балаларға арналған 7 ойын-сауық алаңы, 4,8 километрлік үлкен құбыр, серфингшілерге арналған аттракцион және 17 төбешік бар.
Water Park of America, Миннесота, АҚШ
Бұл аквапарк суретінен көріп отырғандарыңыздай, жабық ғимарат ішінде орналасқан. Ал құбырлары тысқа шығып, айналып келіп, ғимарат ішіне кіреді.
Atlantis, Парадайз аралы, Багам