Басы
Жер жүзіндегі қауіпті көпірлердің саны көбеймесе, азаяр емес. Қорқыныш пен үрей туғызатын көпірлер жайлы сөз қозғауды жалғастырамыз.
Hussaini аспалы көпірі, Пәкістан
Пәкістан еліндегі аспалы көпір әлемдегі ең қорқынышты көпір жолдардың бірі болып саналады. Жұқа тақтайшалардың арасы кең, тербелу амплитудасы жоғары. Таудан сарқырап ағатын Гунза өзенінің ағысының жылдамдығы өте қатты. Бұл кез келген жанды үркітетіні сөзсіз.
Сиду өзенінің үстіндегі көпір, Қытай
2009 жылы ашылған көпірдің биіктігі 457 метрді құрайды. Әлемдегі ең биік көпірлердің бірі саналатын бұл көпірдің биіктігі мен ұзындығы бірдей. Хубэй өлкесіндегі шатқалда орналасқан көпір биік екі тауды бір-бірімен байланыстырады.
Seven Mile Bridge, Флорида
Ұзындығы 11 шақырымға созылған көпір қатты дауылдарға төтеп бере алмайды. Қатты дауылдың салдарынан зардап шеккен көпірге жылына бірнеше мәрте жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Дауыл кезінде көпірде жүру өте қауіпті. Сондықтан да, дауыл алдында көпірде көлік қозғалысы тоқтатылады.
U Pain, Мьянма
Бұл көпір 200 жыл бұрын ағаштан салынған. Көпірдің екі жағында жолаушылар үшін тұтқа қарастырылмаған. Таунтаман көлінің екі жағалауын байланыстыратын көпір ұзындығы 1,2 шақырымды құрайды. Биіктігі 4,5 метрге жетеді.
Deception Pass Bridge, Вашингтон
Бұл көпір жолымен көлік құралдарымен ғана емес, жаяу да жүруге болады. Көпір шетінде жаяу жүргіншілер үшін арнайы жол қарастырылған. Deception Pass ұлттық саябағындағы Уибди және Фидальго аралдарын байланыстарын көпір ұзындығы 453 метр, ал биіктігі 55 метрді құрайды.
«Iya Valley тоқылған көпір», Жапония
Жапонияның ең кішкентай Аралы Сикокуда үш «тоқылған» көпір бар. Әу бастан, көпір аралығы 20-30 сантиметрді құрайтын жұқа ағаш тақтайшадан салынған. Кейін олар темір тұтқалар мен сымдармен жабдықталды. Мұндай көпірмен жүру үшін адам баласы сужүрек болмағаны абзал.
Суреттер: n1.by, chuma.spox.ru