Әлемдегі ең қауіпті ғимараттар

Әлемдегі ең қауіпті ғимараттар

Массагеттіктерге ең ерекше әрі әдемі ғимараттардың ондығын ұсынамыз.

Қытайдағы аспалы ғибадатхана

ва

Ғимараттың тұрғанына 1400 жылдай уақыт болған. Ерекше ғибадатхана Шаньси провинциясындағы Хэн тауының жарқабағында орналасқан.

Лихтенштейн сарайы, Германия

ап

Шваб Албісі жартасының үстінен салынған ерекше сарай. Ғимарат жер бетінен 817 метр биіктікте тұр.

Такасуги, Жапония

п

Наганода орналасқан бір бөлмелі үй. Талшын ағашының үстіне салынған.

Астра мұнарасы, Германия

ап

Мұнара Гамбургта орналасқан шіркеудің жанына 1450 жылы қосылып салынған. Содан бері ғимарат жыл сайын еңкейіп бара жатыр. Инженерлер бұл құбылысты шектен тыс үлкен ылғалдылықпен байланыстырады.

Сутягин үйі, Ресей

ап

Бизнесмен Сутягиннің бұл үйі 2008 жылы өрт шығу қаупі жоғары деп танылды. Нәтижесінде ғимараттың бір бөлігі құлатылған. Ал қалған бөлігінің 4 қабаты 2012 жылдың 6 мамырында толығымен өртеніп кетті.

Пуэрта-де-Еуропа, Испания

п

АҚШ пен Испания бірігіп салған мотель. Конструкция бір-біріне ұқсас 15 градусқа еңкейген екі мұнаралық ғимараттан тұрады. 26 қабатты қос үйдің биіктігі 114 метр.

Метеора шіркеуі, Греция

ап

Ортағасырлық шіркеу Грециядағы таулы аймақта салынған.

WoZoCo бақшасы, Голландия

ва

Бақша стилінде салынған қаланың бастапқы сызбасында бір блокта 87 пәтер болады деп жоспарланған еді. Дегенмен бұл пәтерлерге сұраныс аса жоғары болмаған. Сондықтан жерді үнемдеу мақсатында фасадтың солтүстік бөлігіне тағы 13 пәтер қосылып салынған.

Пиза мұнарасы, Италия

а

Пиза қаласындағы қоңыраухананың құрылысы 1173 жылы басталған. Дегенмен бес жыл уақыт өткеннен кейін жердің жұмсақтығының себебінен 16 000 тонналық мұнара оңтүстік-шығысқа қарай еңкейе бастады. Бұл процес әлі күнге дейін жүріп жатыр.

Capital Gate, БАӘ

ва

Абу-Дабидегі 160 метрлік мұнара батысқа қарай 18 градус еңкейіп тұр. Айта кетелік, бұл көрсеткіш Пиза мұнарасының еңістігінен 5 есе көп.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

суреттер:tripideas.org, bepic.ru, etoday.ru, fishki.net