Майклон (Maeklong) – әлемдегі ең қауіпті базар. Ол Тайланд елінің Самут Сонгкрам (Samut Songkhram) қалашығында Бангкок қаласына 37 шақырым жерде орналасқан.
Базардың қақ ортасы пойыз темір жолымен екіге бөлінген. Онымен күніне 8 рет нөмірі 4382 пойыз Май Клонгтан станциясынан Бан Лаем станциясына өтеді. Ең қызығы базар сатушылары мұндай нәрсеге еш таңқалмайды екен.
Майклон базарының саудагерлері тұтынушыға керекті барлық дүниені саудаға салады. Мұнда келушілердің басым көпшілігі – арзан баға іздеушілер. Сонымен қатар туристердің көп бөлігі үйлеріне базарлық алу үшін келеді.
Темір жол бойында түрлі сауда шатыры мен дүңгіршіктер орналасқан. Ондағы саудагерлер пойыз даусын ести салып, тез жолды тазартады. Ал кейіннен пойыз өткен соң олар өздерінің сауда-саттықтарын әрмен қарай жалғастырады.
Сурет:guinness-records.info
Оқи отырыңыз:
Гуэль саябағының қызықтары
Көрермен көзайымына айналған әртістер
Аралары бір елі ажырамаған ит пен үкі
Әлемдегі ең ұзын тірі гүлден жасалған көйлек