Эскалатор — адамдарды бір қабаттан басқа қабатқа тасымалдайтын жылжымалы баспалдақ. Эскалатор метрода, сауда орындарында, вокзалдарда кеңінен қолданылады. Олай болса, сіздердің назарларыңызға әлемдегі ең ерекше эскалаторларды ұсынамыз:
1. Шанти-таун ауданының алып эскалаторы
2011 жылы Колумбияның үлкендігі бойынша екінші саналатын Меделина қаласында алып эскалатор салынды. Эскалатордың жалпы ұзындығы – 384 метр.
Бұған дейін ықшам аудан тұрғындары 28 қабаттық биіктікке баспалдақпен көтерілетін болған. Бұл 20 мың халқы бар ықшам аудан тұрғындары үшін үлкен қиындық туғызды. Қазіргі кезде жоғарыға көтерілу үшін небары 6 минут уақыт кетеді. Ал бұрындары жоғарыға көтерілу үшін бір адам 35 минут жұмсайтын болған.
2. Велосипед эскалаторы
Велосипед Норвегия халқының көп бөлігі пайдаланатын транспорт түрі болып есептеледі. Алайда Тронхейм қаласы таулы аймақта жатқандықтан велосипедшілер жоғарыға шыққанда шаршайды. Сол себепті 1993 жылы қалада әлемдегі тұңғыш велосипед эскалаторы салынды. Қазіргі таңда эскалатор кез келген туристі 130 метр биіктікке қиналмастан көтереді. Эскалатор қолданысқа берілгелі онымен 200 мыңнан аса велосипедші көтеріліп үлгерген. 2012 жылы эскалатор қайта жаңартылып, техникалық қауіпсіздігі толық қамтылған CycloCable жүйесімен толықты.
3. Тұңғыш су асты эскалаторы
Тайвань елінің Хуалянь Фарглори (Hualien Farglory) мұхит асты саябағына келушілер жер асты эскалаторымен мұхит астына кішігірім саяхат жасай алады. Осылайша олар бүкіл су асты жануарларын қызықтап, өздерін мұхит ішінде сүңгіп жүргендей сезінеді. Эскалатор зигзаг пішінді етіп жасалған. Ол келушілерге бір емес бірнеше мәрте көтеріліп-түсуге мүмкіндік береді.
4. Әлемдегі ең қысқа эскалатор
Ең қысқа эскалатор Жапонияның Кавасаки қаласында More’s Department Store сауда орталығында орналасқан. Ол бес қана баспалдақтан тұрады. Көтеретін биіктігі небары 83,4 сантиметр. Эскалатор 1989 жылы «Гиннес рекордтар кітабына» ең қысқа жылжымалы баспалдақ ретінде тіркелген.
5. Әлемдегі ең ұзын көкте орналасқан эскалатор
Әлемдегі ең ұзын көкте орналасқан эскалатор – Гонконг қаласында. Эскалатор ұзындығы – 800 метр, ал биіктігі – 135 метр. Басы мен аяғының арасы 12 минуттық жол. Ол 1993 жылы Гонконг қаласының орталығы мен шығысын біріктіру үшін жасалған.
6. Жұмыс жасап тұрған ең ескі эскалатор
Нью-Йорк қаласының Манхеттен ауданында орналасқан Macy’s Herald Square деп аталатын (2009 жылы) дүниедегі ең үлкен сауда орталығында істен шықпаған ең ескі эскалатор жұмыс істейді. Macy’s Herald Square сауда орталығы әлемдегі механикалық көтерме баспалдақпен жасақталған ең бірінші дүкен болып саналады. Қазіргі кезде оның барлығы жаңасына ауыстырылып, жалғыз ғана ағаштан жасалған эскалатор қалдырылған.
7. Ең әсем эскалатор
Бұл көк түсті эскалатор Мәскеудің «Еуропалық» сауда орталығында орналасқан. Бұл жылжымалы баспалдақ тек бір бағытта жұмыс жасайды. Мұндай эскалатор көптеген шопинг орталықтарында кеңінен тараған.
8. Спиральді эскалатор
Спиральді эскалатор Жапонияның Осака қаласында орналасқан. Оның ерекшелігі атына сәйкес спираль пішінді болуы. Токио қаласында тұратын блоггер Миха Тамураның айтуынша, бұл эскалатор адамдарды бір жерге шоғырланып қалудан сақтайды екен.
9. Еуропадағы ең ұзын эскалатор
Еуропадағы ең ұзын эскалатор – Мәскеу қаласының «Жеңіс паркі» метро станциясында. Ол 84 метр тереңдікте орналасқан. Баспалдақтарының саны – 740. Төменнен жоғарыға шығуға 3 минут уақыт кетеді.
10. Аспан асты эскалатор
Бұл эскалатор Сингапур Ұлттық мұражайының Форт Каннинг саябағында ашық аспан астында салынған.
Оқи отырыңыз:
Тайвань елінің тағам түрлері
"Ит асырап ал!" жобасы (видео)
Бұл кісіге үш адам келіп қосылмағанынша ешкім назар аудара қоймады (видео)
Тозығы жеткен кітаптардың екінші өмірі: Майк Стилкидің инсталляциялық суреті
Дайындаған:Нұрбол Нұрмаханұлы
Сурет: ephemeralnewyork.wordpress.com,ephemeralnewyork.wordpress.com