Адам даму индексі – елдердің әл-ауқаты, өмір сүру деңгейі, сауаттылығы, білімі, өмір сүру ұзақтығы секілді сипаттамаларына сәйкес жасалатын интегралды көрсеткіш. Бұл – мемлекеттер мен аймақтардың өмір сүру деңгейін анықтайтын стандартты жол. Төменде даму индексі ең жоғары он мемлекет көрсетілген.
10. Швеция. Индексі: 0.904
Халық саны – 9,3 млн. Астанасы – Стокгольм. Жүргізілген зерттеулерге сенетін болсақ, Швецияның өмір сүру деңгейі өте жоғары. Табыс көзі мен халық санының өмір сүру ұзақтығы да жоғары деңгейде. Елдегі жұмыссыздық пен кедейлік индексі төмен. Кез келен азамат тегін емделе алады. Туристердің сүйікті мекені.
9. Германия. Индексі: 0.905
Халық саны – 82,2 млн. Астанасы – Берлин. Германия – Еуропа Одағындағы ең дамыған мемлекет. Мемлекет басшысы – Ангела Меркель. Немістер сыртқы нарыққа электр техникалары мен транспорт түрлерін көп шығарады. Үкімет мануфактурасы мен өндіріс орындары жылдан жылға өркендеуде. Жалпы ішкі өнімі – $3.5 млрд. Ол дегеніңіз әр адамға $40 631-дан келеді деген сөз. Германияда кедейлік деңгейі төмен болғанымен, жұмыссыздық индексі – 7%.
8. Лихтенштейн. Индексі: 0.905
Халық саны - 36 925. Астанасы – Вадуц. Лихтенштейн князьдігі – әлемдегі ең халқы аз, кішкентай елдердің бірі. Оған қарамастан жалпы ішкі өнімі әр адамға шаққанда $141 000. Елдің ешқандай мемлекетте қарызы жоқ. Мемлекетте жұмыссыздық пен кедейліктің нышаны мүлдем байқалмайды. Елде жиналатын салық аз болғандықтан, инвестиция құйып, жаңа өндіріс ашам деушілерге барлық жағдай жасалған. Астанасында небары 5100 адам өмір сүреді.
7. Ирландия. Индексі: 0.908
Халық саны – 4.5 млн. Астанасы – Дублин. Басқару билігі – парламенттік республика. Ирландияда білім, сауаттандыру стандарты, орташа өмір сүру көрсеткіштері жоғары. Жалпы ішкі өнімі $203.89 млрд, жан басына шаққанда $45 497 болады. Әлемде ел экономикасы бойынша 7 орында тұр.
6. Канада. Индексі: 0.908
Халық саны – 34,7 млн. Астанасы – Оттава. Жер көлемі бойынша Ресейден кейінгі екінші орында. Әлемдегі ең ұзын жағалау шекарасы Канадаға тиесілі. Басқару билігі – демократиялық парламент және конститутциялық монархия. Канаданың мемлекеттік тілдері – ағылшын тілі мен француз тілі. Экономикасы өте жақсы дамыған. Жалпы ішкі өнімі әрбір азаматқа $51147-дан келеді. Мемлекетте медицина қызметі тегін. Арктикалық және Субарктикалық белдеуде орналасқан.
5. Жаңа Зеландия. Индексі: 0.908
Халық саны – 4,5млн. Астанасы – Веллингтон. Жаңа Зеландия – бірнеше аралдың қосындысынан құралған кішкентай мемлекет. Жалпы ішкі өнімі әр адамға $34 121-дан келеді. Жердің табиғи байлығы өте жақсы сақталған. Елде тек туризм саласында 18 000-ға жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Жыл сайын Жаңа Зеландияға кемінде 2 млн турист келіп, мемлекетке жалпы ішкі өнімінің 10%-ын құрайтын табыс әкеледі. Туризмдегі жұмыс орындары жалпы жұмыс орындарының 10%-ын құрайды. Мемлекеттік құрлымы – парламенттік демократия мен конститутциялық монархия.
4. АҚШ. Индексі: 0.910
Халық саны – 320 млн. Астанасы – Вашингтон. Америка жалпы ішкі өнімнің көрсеткіші бойынша $15,1 триллионға жетіп әлемдік рекорд орнатқан. АҚШ-тың қарулы күштері, соның ішініде әскери теңіз флоты өте қуатты. БҰҰ-дағы беделді мемлекет.
3. Нидерланды. Индексі: 0.910
Халық саны – 16,8 млн. Астанасы – Амстердам. Екінші атауы – Голландия. Басқару жүйесі – конститутциялық монархия мен өкілетті демократия. Жұмыссыздық пен кедейлік мөлшері төмен. Голландия НА́ТО (Солтүстік атлантикалық келісім ұйымы), ЕО (Еуропа одағы), ЕЭЫДҰ (Еуропа экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы), ДСҰ (Дүниежүзілік сауда ұйымы) секілді ұйымдарды құруға ат салысқан.
2. Австралия. Индексі: 0.929
Халық саны – 23,3 млн. Астанасы – Канберра. Ресми атауы – Австралия Одағы. Дүниежүзінде жер көлемі жағынан 6-шы орында тұр. Жалпы ішкі өнімі - $918 млрд. Даму индексінің жоғары болуы себебі өмір суру сапасының жоғары болуымен түсіндіріледі. Сонымен қатар, денсаулық сақтау, білім, экономикалық еркіндік, азамат қауіпсіздігі мен өнеркәсіп орындарының көптігі даму индексін жоғарылатты. Австарлия ЕО, G20, НА́ТО секілді ұйымдарға мүше.
1. Норвегия. Индексі: 0.943
Халық саны – 5 млн. Астанасы – Осло. Норвегия Корольдігі Солтүстік Еуропаның Скандинавия түбегінің батыс жағалауында орналасқан. Басқару билігі – конститутциялық монархия. Бұл ел – Батыс Еуропаға мұнай мен газды көп тасымалдайтын ірі өндіруші ел. Жалпы ішкі өнімі бойынша әлемде 26-шы орында. Норвегия Еуропа Одағына кірмейді, алайда Еуропа мемлекеттерімен жақсы қарым-қатынаста. Жалпы денсаулық сақтау, оқыту мен қоғамдық сақтандыру жүйесі мықты дамыған.
Оқи отырыңыз :
Тау басына тізерлеген обсерватория туралы
Лондон қаласында желпілдеуіш көпір салынды
Түрлі-түсті Дэнсия ландшафты туралы білесіз бе?
Күніне екі мәрте суға кететін көлік жолы туралы білесіз бе?
Сурет: svobodomislie.com,www.rv.org.ua