Адам баласы ежелден-ақ барынша биік қылып түрлі ғимараттар мен ескерткіштер салуға тырысқан. Мәселен мысырлақтардың қолымен салынған Ұлы Сфинкс ескерткіші 20 метр биіктікті құраған. Дегенмен ғылымның дамуымен адам баласы одан да зор мүмкіндіктерге ие болды. Осы орайда әлемдегі ең үлкен ескерткіш, монументтер туралы әңгімелеп көрелік.
7. Бәйтерек монументі. Астана.
Монументтің жалпы биіктігі 105 метр. Жоба авторы Норман Фостер. Монументтің төбесінде орналасқан шардың диаметрі 22 метр. Еліміздің астанасының символына айналған монументтің құрылысы 1996 — 2002 жылдар аралығында жүргізілді.
6. Императорлар Янь мен Хуаньның ескерткіші. Монумент таудан қашап жасалған. Құрылысы осыдан 2000 жыл бұрын басталған деседі. Алып ескерткіштің 2007 жылы өз соңына жеткізілді. Монументтің жалпы биіктігі - 106 метр.
5. Қытайдағы Гуань Инь ескерткіші. Хайнан жағалауында орналасқан бодхисаттваның ұзындығы 108 метр. Құрылыс 6 жылға созылып, 2005 жылы аяқталды.
4. Кришту Рей ескерткіші. Құрылысы 10 жылға созылған ескерткіштің биіктігі - 110 метр.
3. Ушику Дайбутсу. Жапония. Ескерткіш Будда Амитабхаға арналып салынған. 1995 жылы салынған оның биіктігі 120 метр. Ескерткіштің ішіне лифт орнатылған. Сол арқылы ескерткіштің ұшар басына шығып, айналадағы әсем табиғатты тамашалауға болады.
2. Laykyun Setkyar. Мьянма. Бұл ескерткіш биіктігі бойынша әлемдегі екінші орында тұр. Каунг төбесінде салынған монументтің биіктігі 130 метр. 2008 жылы салынып біткен.
1. Көктемгі храмның Буддасы. Бұл ескерткіш әлемдегі ең биік монумент болып саналады. 2008 жылы салынып біткен оның биіктігі - 153 метр.
Төмендегі суретте осы ескерткішті Америкадағы Еркіндік монументі, Волгоградтағы Отан-Ана, және Құтқарушы Иса ескерткіштерімен салыстырып көріңіздер.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
суреттер: lifeglobe.net, mahabat.ru