Нью-Йорктегі "Құлама әткеншек", Португалиядағы "Электр қуатын шығаратын әткеншектен" бөлек, біз бүгін тағы бір ғажайып әткеншек туралы әңгімелеп берейік.
120 метр биіктіктен табылу көп адамның жүрегін ауыртып жатады, ал оған сағатына 60 километр жылдамдықты қосқан жағдайда, жүрек жұтқан ең батыл жанның өзі де бір қаймығар. Әлбетте, соншама биіктікте мұншама жылдамдықпен жүре қалғанда жағдайда, кез келген ерікті жанның өлім мен өмір арасында ойға қалары анық.
Дәл сол бір көріністі әлемдегі ең биік әткеншек саналатын Стокгольмдегі “Eclipse” әткеншегінен тамашалауға болады. Біз бұған дейін осы әткеншектің салынатыны туралы айтып, сіздерді хабардар етіп өткен болатынбыз.
120 метр биіктікте швед астанасының ең сұлу, көрікті жерлері көз алдыңызға келіп, көлбеңдейді. Әрине, егер көзді ашуға жігеріңіз жетіп жатса...
12 орынды әткеншек сағатына 60 километр жылдамдықпен жүйткиді. Өз кезегінде әр әткеншек жарыспа қос сызық арқылы бір шеңбер ішінде айналып, қозғалады.
Мұның бәрі қала орталығындағы “Gröna Lund” атты ең көне ойын-сауық саябағында орын алып жатыр.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/nyVkAe2cSh8","width":"450","height":"240"});
сурет:x-torrents.org
Дайындаған: Фараби Арыстанбек