Әлемді таң қалдырған Швейцария қонақ үйлері

Әлемді таң қалдырған Швейцария қонақ үйлері
Фото: vilingstore.net

Жыл сайын миллиондағы саяхатшылардың көңілін таба білетін Швейцария қонақ үйлері туралы білгіңіз келе ме?!  Келген қонақтардың таң қалдыру сіз ойлағандай оңай дүние емес. Өйткені олар келген сайын ерекше бір дүние күтеді. Ал оны жасау үшін қонақ үй әкімшілігі жыл сайын арнайы дайындық жасап, сынақтардан өтеді.

Тау бөктеріндегі қонақ үйлер

Швейцария соның ішінде Альпі  тауына саяхат жасау, демалып келу керемет дүние. Себебі биіктен көз тастап, таза ауамен тыныстау кімге болсын тамаша сезім. Тек табиғат аясында демалып қайтқаннан гөрі, қажеттілік болса жақсы демалып, қонақ үйлерде болуды жақсы көретін қонақтар үшін аталған ел үлкен мүмкіндік жасап қойған. Тау бөктерінде орналасқан қонақ үйлер кез келген адамның есін алары анық. Биіктік, үрей, керемет табиғат, сұлулық, бар жағдай жасалған бөлмелер. Бұл сізді қанағаттандырмай қоймайды.

Егер дәл осылай тау бөктерінде демалып, өз қорқынышыңызды демалысқа айырбастағыңыз келсе, сіз үшін Aescher қонақ үйі қызмет көрсетуге дайын.

Podhotel – бұл тау бөктері соның ішінде шаңғшыларға арналған демалысы орыны. Себебі қар бетінде орын тепкен қонақ үй кішкене-кішкене ғана бөлмелерден тұрады. Ежелгі ергежейлілердің әлеміне енгендей әсер беретін қонақ үйдің құны да, сапасы да жоғары.

Қабырғасыз, терезесіз қонақ үй

Атауы қызық естілуі де ғажап емес, бірақ бұл ақиқат. Null Shtern – ештеңесі жоқ, терезесі де, қабырғасы да жоқ демалыс орыны. Бір түн түнеп шыққаныңыз үшін 210 доллар бересіз. Тек жатын орын мен тамақтануға арналған үстел ғана бар. Қонақ үйдің негізгі аудармасы «Жұлдыз жоқ» деп аталады. Бұл қонақ үй ұзақ тұруға арналмаған. Себебі жаңбыр жауып кеткен сәтте сіз ақшаңызды қайтарып алып, үйге қайта беруіңізге болады. Тек күн ашық кезде келіп, табиғатты тамашалағыңыз келсе, мархабат!

B. ZHAQSYMBET