- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Әлем айнасы немесе...
Әлем айнасы немесе таңғжайып фотожоба
Поляктық сөз зергері Леопольд Новак бір сөзінде: «Айна көп болған сайын, адамдар аз болады» деген екен. Ал сіз Новакпен келісесіз бе? Әсіресе, айнадан басқалай нәрсе емес, бізді қоршаған орта мен сұлу табиғаттың бейнесі көрініп тұрса, ғажап емес пе?
Осындай ғажайыпты дүниеге әкелген Нью-Йорктық фотограф Дэниел Какланың түсірген суреттерінен айна бетіндегі тауды да, тасты да, құмды да көре аласыздар.
Суретші таңғажайып суреттер топтамасын жасап шығару үшін Оңтүстік Калифорнияда орналасқан Джошуа атты Ұлттық саябақта бір ай бойы өмір сүрген. Бұл суреттерден Sonoran және Mojave шөлдерінің ерекше тұстарын көруге мүмкіндік бар.
Сіздің тарапыңыздан: «Табиғат-ананың сұлулығын суретке түсірген дұрыс қой, алайда «айнаның» мұнда не қатысы бар?», - деген орынды сауалдың туындауы заңдылық. Осы сауалыңызға Дэниел былай деп жауап береді: «Мен бір ай бойы өмір сүрген саябақтың аумағын толық көрсету үшін осы әдісті қолдандым. Табиғатты бір-бірінен бөліп жаруға болмайды, ал айнаның көмегімен таңдалған көріністің келесі бір бетін алуға мүмкіндік бар. Осылайша, табиғат сұлулығын шамам жеткенше толық түсіруге тырыстым».
Даниел Какланың жобасы New York Times, The Washington Post, National Geographic сынды халықаралық көлемді журналдарда жарияланды.
Көз алдыңыздағы суреттерге қарап, Қасым Аманжоловтың:
"Шықшы тауға, қарашы кең далаға,
Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға.
О шеті мен бұ шетіне жүгірсең,
Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма, - деген өлең жолдары еріксіз еске түседі... Ең бастысы, мұның бәрі де «әлем айнасынан» көрініс тауып тұр емес пе?!
Суреттер:diary.ru,liveinternet.ru,kulturologia.ru
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева