Ақымақтар қоғамына қосыл!

Ақымақтар қоғамына қосыл!

Енді өзін әрқашан шектен тыс ақылды сезінетін адамдар мазаланбай-ақ қойса болады. Британиялық “Sleepthinker” компаниясы “MinusIQ” ("кері интеллект") дәрісін өндіріп отыр.

Құрметке лайық ғалымдардың сөзіне сенсек, ғаламшардағы адамдардың тең жартысына жуығын ақымақтар мен ақымақ еместер құрайтын көрінеді. Және әлгі ақымақтарды тек ақымақтардың ғана түсінетінін ескерсек, онда... Сол себепті, артық ой жүгінен арылып, ойсыз, қамсыз күн кешу үшін аталған дәріден бір қабылдап, бүкіләлемдік ақымақтар қоғамына еш ойланбастан еніп кете алмақсыз.

Білесіз бе, дәрі-дәрмексіз де ақыл-ойдың артықшылығын жоғалтып алуға болады екен. Мәселен, шатыр үстінен парашютсіз құлау, күні-түні теледидар қарай беру, ішіп алып көлік жүргізу дегендей. 
Жиі мазаланып, әрдайым көңіл-күйсіз жүретін адамның қоғамға тигізер үлесі көп. Ал өзіне пайдасы шамалы болмақ...

"Өкінішті-ақ", қазіргі таңда британдық мамандар аталған дәрінің жарнамалық ролигін ғана ұсынумен шектелген.
сурет:beforeitsnews.com
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига