- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Әктасты Ақтауды аралағыңыз...
Әктасты Ақтауды аралағыңыз келе ме? (3D тур)
Фото:
massaget.kz
Іле өзенінің теріскейінде орналасқан Ақтау жоталары бірінші кезекте өзге жерлерде кездеспейтін көркем көріністерімен ерекшеленеді. Сондай-ақ, оның ғажап шатқалдары сұлулығынан бөлек, ішіне кірген жанды адастыратын тылсым қасиетімен де танымал. Жергілікті тұрғындардың айтуы бойынша, Ақтауға кіріп жоқ боп кеткен туристерді іздеу үшін әскерилердің көмегіне жүгінген кездер де болыпты. Сіздер солардың күнін кешпеу үшін назарларыңызға фотограф Евегний Волковтың әктасты аңғарларды аралап жүріп дайындаған 3D турын ұсынамыз. Тінтуірді ары-бері қозғалтып, көрсеткіштерге басып тұрсаңыз, үйден шықпай-ақ көркіне көз сүрінетін Ақтауды тамашалай аласыз.
Y. Almabek