Америка Құрама Штаттары әлемдегі демократиясы дамыған елдердің көшін бастап тұрса да, ақылға қонымсыз заңдар ең көп қолданылатын ел болып саналады. Осы заңдармен күресуді мақсат еткен мемлекетте "Dumb laws" (Топас заңдар) атты ондаған ұйым бар.
Елдегі осындай заңдардың көбі Техас штатында. Мысалы, бұл штатта адам аяғынан тік тұрып сыраны үш реттен артық жұтуға, буйволдарды отельдің екінші қабатынан тұрып атуға болмайды. Теміржолдағы поездар екі жолда бір-біріне қарама-қарсы жүріп келе жатса, біреуі екіншісі жүріп өткенше міндетті түрде тоқтауы тиіс. Ал штатта аяқ киімсіз жүру тек арнайы рұқсатпен ғана мүмкін болады. Ол үшін сіз $5 төлеуге тиіссіз. Бірақ бұлардың барлығы да ескі заңдар болып саналады. Ал жақында Техас губернаторының бастамасымен қабылданған заң көпшілікті таң қалдырды. Ол заң бойынша, қылмыскер жапа шегушіні қылмыс жасаудан 24 сағат бұрын ауызша немесе жазбаша ескертуі тиіс. Одан бөлек, ескертуде қылмыстың қалай жасалатыны да толықтай жазылуы керек. Егер аталған жағдайлар орындалмаса, онда қылмыскер жазасы одан да ауырлайтын болады.
Штаттың жекелеген қаларында да осындай заңдар жоқ емес:
Кларендонда қоғамдық орындарда қауырсыннан жасалған сыпырғышпен шаң-тозаңдарды тазалауға болмайды. Хьюстонда жексенбі күні таңға жақын сыра сатылмайды. Ал басқа күндері мұндай шектеу жоқ. Порт-Артурде лифтте жағымсыз иіс шығару үлкен айыппұл салынатын қылмыс болып есептеледі.Флорида штаты да осындай заңдардан кенде емес. Тұрмыс құрмаған әйелдерге жексенбі күні парашюттен секіруге тыйым салынған. Флоридада:
суға түсу костюмімен ән айтуға; скейтбордта нөмірсіз жүруге; душты жалаңаш қабылдауға; күніне үш тәрелкеден артық сындыруға қатаң тыйым салынады.Пенсакола қаласында егер әйел адам ваннадағы электроқұрылғыны пайдалану кезінде ток ұрып қайтыс болса, онда ол (тумаластары) $100 айыппұл төлеуге тиіс. Ал Майамиде тіптен күлкілі. Велосипедте дыбыстық сигнал болмаса, жүруге болмайды. Керісінше енді сол велосипедтегі сигналды қолдануға да тыйым салынған.
Заңын бұзбау мүмкін емес штаттардың арасында Арканзас та алдыңғы орында тұр. Бұл штатта кім қандай мақсатпен болса да, сайлау болатын күні және жиналған дауыстарды санау кезінде сайлау учаскесінің терезесі мен есіктеріне 15 метрге дейін жақындауға болмайды. Бұл заң бойынша сайлауға келген штаттың әр дауыс берушісі еріксіз қылмыскер атануға мәжбүр. Сондай-ақ осы штатта жүргізушілерге 21.00-ден кейін салқын сусын сататын дүкендердің қасында сигнал басуға тыйым салынады. Сонымен қатар осы заң бойынша мейрамханалар мен барлардың ғана емес, тұрғын үйлердің де қасында көліктен сигнал басуға болмайды.
АҚШ-тың көптеген қалаларында өртке деген көзқарас мүлдем бөлек. Мысалы, Чикагода өртеніп жатқан үйдің ішінде тамақ ішуге болмайды. Оны жасаған адам қылмыстық жазаға тартылады. Эванстонда (Иллинойс штаты) өрт көлікте киім ауыстыруға мүмкіндік беретін жалғыз жағдай болып есептеледі.
Форт-Медисонда (Айова штаты) өрт сөндірушілер өрт болған жерге барардың алдында 15 минуттық жаттығу жасауы тиіс.
Жаңа Орлеанда қолтырауындарды өрт гидрантына байлауға болмайды. Ал Сент-Луисте өрт сөндірушілерге жалаңаш, сондай-ақ халат және ұйықтар алдында киетін киім киген әйелдерді өрттен құтқаруға тыйым салынады.
Hью-Бритн округінде (Коннектикут штаты) өрт сөндірушілердің көліктері қандай жағдай болмасын сағатына 25 мильден артық жылдамдықпен жүруге болмайды.
Кентуккиде суға түсу костюмін киген әйел егер оның қасында екі полицей болмаса немесе қолында күрегі болмаса жолға шығуға қатаң тыйым салынады. Бұл заң салмағы 40 келіден аз немесе 90 келіден жоғары әйелдерге қатысы жоқ.
Кармел қаласында (Нью-Йорк штаты) әртүрлі түстегі шалбар мен пиджак киген ер адамға $500 айыппұл салынады. Hогалес округінде (Аризона штаты) ер адамдарға денесін жаттықтыруға тыйым салынған. Hебраскеде шаштараздарға таңғы 7.00-ден кешкі 19.00-ге дейін сарымсақ шеуге болмайды. Ал Нью-Джерсиде орналасқан кез келген мейрамханада тамақты шылпылдатып жегендер дереу тұтқындалады.
Десек те, АҚШ-тағы «топас заңдардың» көшін Калифорния мен Индиана штаттары бастап тұр. Калифорнияда жануарлар мектептерге, шіркеуге және қоғамдық тамақтану орындарына 500 метр қашықтықтан жақындауға болмайды. Сондай-ақ мұнда жүргізушісіз көлікке 60 миль/сағ артық жылдамдықпен жүруге болмайды.
Калифорнияда мына нәрселерге тыйым салынған: екі сиырыңыз болмаса, ковбойлық аяқ-киімді бетіңізге киюге; сот алдында жылауға; қоңыздар мен бақаларды жалауға; ішкі киіммен көлік жууға;
Одан бөлек, Чико қаласында ядролық құрылғыны қала ортасында жаруға болмайды. Айыппұл - $500.
Ал Индианада қазаннан наурыз айына дейін ванна қабылдауға, жексенбі күндері көлік сатуға, құстар мен қояндардың табиғи түсін өзгертуге, шарап сататын дүкендерде сүт сатуға, ғашық жандарға мұрт қоюға, қоғамдық саябақтарда қарбыз жеуге, мейрамханалар мен барларда ішімдіктерді тік тұрып ішуге болмайды.
Индианада жүргізушінің жолаушысы шұлық кимеген және жасы 17-ге толмаған қыз бала болса, ол сот алдында жауапқа тартылады. 1984 жылы қабылданған заң бойынша Индиананың Спейдс қаласында қару-жарақтың көмегімен консерві банкілерді ашуға болмайды. Бұл заңды бұзғандар үш айға дейін түрмеге тоғытылады. Осы Индиана заңы бойынша «пи» cаны халықаралық нормаға сай 3,1415 емес, 4-ке тең.
Енді АҚШ елінің әр штатындағы адам түсінбес заңдарына жеке тоқталайық:
Алабама
Көлікті көз байлаулы күйде жүргізуге болмайды. Рельстерге тұз сепсеңіз, өлім жазасына кесілесіз. Балмұздақты қалтаңызға салып жүру, әйелдердің көзінше түкіру, шіркеуге жапсырылған мұрт тағып бару, көшеде маска киіп жүру қылмыс. Джаспер қаласында күйеуі әйелін диаметрі бас бармағынан үлкен болатын таяқпен ұруға қақысы жоқ. Аннистонда қаланың бас көшесінде джинсы киіп өтуге болмайды. Мобил қаласында жүргізушілерге жақын маңда өтіп бара жатқан әйелдерге айқайлауға болмайды. Әйелдерге биік өкшелі туфли киюге тыйым салынады. Жаяу жүргіншілерге жылқыларды үркітіп алмас үшін көшеде қолшатырды ашуға болмайды. Бұғыларды ұшақтан қарауға болмайды.Аризона
Аңшылық мақсатта үлкен түйелерді атуға болмайды. Үлкен айыппұл төлейсіз. Кактустарды жұлсаңыз, 25 жылға дейін бас бостандығыңыздан айырылуыңыз мүмкін. Бір шыны су сұраған адамның өтінішін орындауға тиіссіз. Күйеуге шықпаған әйелдерге балық аулауға болмайды. Егер әйел адам тұрмысқа шыққан болса, онда ол тек жексенбі күні ғана балыққа шыға алады. Глендейл қаласында көлікті артымен жүргізуге тыйым салынады. Хейден қаласында бақаларды қинасаңыз, үлкен айыппұлға тап боласыз. Глоуб қаласында көшелерде үнділіктермен карта ойнасаңыз, жауапқа тартыласыз. Арнайы лицензияңыз болмаса, қоғамдық орындардан 5 метр қашықтықта темекі шеге алмайсыз. Мохейв-Каунтиде сабын ұрласаңыз, сол сабын біткенше еденді жуатын боласыз.Арканзас
Литтл-Рокте жүргізушілерге салқын сусын және бутерброд сататын жерлерге жақын аймақта сигнал басуға болмайды. Жексенбі күні жоғарыға қарап дәрет сындыру күнә және қылмысты іс саналады. «Литтл-Рок қаласындағы Арканзас-Ривер өзені көпірден жоғары аспауы тиіс» деген де заң бар.Гавайи
Құлаққа тиын салуға болмайды. Гонолулуда қала саябақтары ішінде құстарды үркіту үлкен қылмыс.Джоржия
Колумбусте жексенбі күндері тауықтардың басын шабуға болмайды.Иллинойс
Гейлсбур қаласында егеуқұйрықтарды бейсбол битасымен ұруға тыйым салынған. Айыппұл – 1000 доллар. Зайонда мысықтарға, иттерге және басқа да үй жануарларына тұтанып тұрған темекі беруге қатаң тыйым салынады.Индиана
Қазан мен наурыз аралығында ванна қабылдауға тыйым салынады. Азаматтарға консерві банкілерін қару-жарақ көмегімен ашуға болмайды. Азаматтарға сарымсақ жегеннен кейін 4 сағат өтпей жатып, театр, киноға баруға және де трамвайда отыруға тыйым салынады.Калифорния
Штат тұрғындарына күн сәулесіне қыздырынуға рұқсат беретін арнайы заң бар. Волдвин Парк қаласында бассейнге велосипедпен баруға тыйым салынады. Лафайетте адамдардан бір метр қашықтықта түкіру қылмыс саналады. Голливудте көшелерден екі мыңнан аса отарды айдауға тыйым салатын арнайы қаулы бар. Сан-Францискода қарғы баусыз пілдерді көшеге шығаруға тыйым салынады. Лос-Анджелесте екі нәрестені бір легенге шомылдыруға болмайтын арнайы қаулы бар. Күйеуі әйелін екі дюймннен ұзын белбеумен ұруға болмайды. Оның үстіне ол әйелінен арнайы рұқсат сұрауы керек. Кармелде адамдар жүретін жолда балмұздақты тік тұрып жеу - қылмыс. Лонг Бичте «гараждар тек автокөліктерге арнап салынуға тиіс» деген ресми қаулы бар.Канзас
Түнде жолды кесіп өткен барлық жаяу жүргіншілерде жарық шағылдырғыштың болуы міндетті.Колорадо
Пуэбло қаласында үлпілдек (одуванчик) тыйым салынған өсімдік болып саналады. Денверде ит ұстаушы мамандар үш күн бұрын қала саябағының ішінде иттерге хабарландыру орналастыру керек. Жексенбі күндері қара түсті көлікпен жүруге болмайды. Стерлингте жарық шағылдырғышы жоқ мысықтарды көшеге жіберуге болмайды.Коннектикут
Жексенбі күндері ерлі-зайыптыларға сүйісуге болмайды. Ал велосипедшілерге жылдамдықты сағатына жүз шақырымнан асыруға тыйым салынған. Девонде күн батқаннан кейін артпен жүруге болмайды.Миннесота
Жалаңаш ұйықтасаңыз, түрмеге түсесіз.Миссури
Сент-Луисте көпір үстінде отырып сыраны шелектен ішуге болмайды.Мичиган
Әйелі күйеуінің рұқсатынсыз шашын қиюға құқы жоқ.Монтана
Жүк көлігі кабинасына қойды салуға болмайды. Бұл жағдайда тек қасында қойшысы болса рұқсат етіледі. Әйелі күйеуінің поштасын рұқсатсыз ашып қойса, ол бірден түрмеге тоғытылады.Мэриленд
Балтиморда театрға арыстанмен келуге тыйым салынған. Екінші қабаттан пішен немесе шөп лақтыруға болмайды.Небраска
Егер шіркеуде сіздің балаңызға ықылық тиіп жатса, тұтқындаласыз. Омахада ер адамдар денесіндегі түктерді қыра алмайды.Невада
Түйемен тас жолда жүруге болмайды. Найала қаласының барлары мен мейрамханаларында келушілер күніне үш адамнан артық басқаға сусын сыйлай алмайды. Мэнвиллде хайуанаттар бағындағы аңдарға темекі және алкоголь өнімдерін беруге тыйым салатын қаулы бар. Крескиллде барлық мысықтар мойындарына қоңырау тағып жүруге тиіс. Себебі жемтікке айналуы мүмкін құстар олардың қайда жүргенін білуі керек. Кукшефтте боқтық сөз айтуға ресми тыйым салынады. Нью-Гемпшир. Теңіз лақтырып тастаған балдырларды жинап алуға болмайды. Мейрамханалар мен барларда музыка орындалу кезінде басты қозғалтуға, саусақтарды үстелге ұрғылауға болмайды. Нью-Йорк. Көшеде әйелдерге қарасаңыз, 25 доллар айыппұл төлейсіз. Екі рет осындай заң бұзған ер адам ат әбзелдерін тағып жүретін болады. Кармелде егер ер адам пиджагіне сай келмейтін шалбар кисе, айыппұл салынатын болады.Огайо
Балықтарға спирттік ішімдіктерді беруге болмайды. Полиция жексенбі күндері және тәуелсіздік күнінде қылмыскерлерді тұтқындауға болмайды. Бексли қаласында әжетханаларда ойын автоматтарын орнатуға болмайды. Клинтон Каунтиде қоғамдық орындардың қабырғасына арқаңызды сүйеуге болмайды. Ол үшін үлкен айыппұл төлейсіз. Оксфордте ер адамның портреті алдында тұрып әйелдерге шешінуге болмайды.Оклахома
Мэрдің арнайы рұқсатынсыз иттерге үштен артық топ болып жүруге тыйым салынады. Оклахома Ситиде гамбургер жеп артымен жүруге болмайды. Иттерді ашуландырған және басқа біреудің гамбургерін жеген адам түрмеге жатқызылады. Шаштараздың лицензиясы болмаса, әйелдер өздігінен шаштарын қырқа алмайды.Луизиана
Жаңа Орлеанда өрт сөндірушілерге өртті сөндіру кезінде боқтауға тыйым салынған.Теннесси
Атеистер мен жекпе-жекшілер сайлауға қатыса алмайды.Флорида
Жексенбі күндері күйеуге шықпаған әйелдер парашюттен секіре алмайды. Бейсенбі күні кешкі сағат алтыдан кейін қоғамдық орындарда жағымсыз иіс шығару заңмен қудаланылады. Үйдегі әйелдерге үш тәрелкеден немесе төрт шыныдан артық сындыруға болмайды.Марикопа-Кауни
Бір үйде алты қыздан артық тұруға болмайды.Блит
Қала әкімшілігінің шешімімен адам ковбой аяқ-киімін киместен бұрын оның кем дегенде екі сиыры болуы тиіс.Льюис
Бәстесіп некеге тұрғандар сотқа жауапқа тартылып, заң жүзінде некелерін бұзуы тиіс.Мариетта
Заң бойынша жеңіл көліктен және автобустан түкіруге болмайды. Ал жүк көлігінен рұқсат етіледі.Урбана
Құбыжықтарға қала аймағына кіруге тыйым салынады.Мак-Лаф
Қоғамдық суын ішуге болатын субұрқақтарда жасанды тістерді тазалауға болмайды.Уичита
Әкесі қызына қару-жарақпен қоқан-лоқы көрсетуге болмайды.Кентукки
Заң бойынша егер ішімдік ішкен адам екі аяғына тұрып жүрсе, ол сау адам болып саналады.Миннесота
Заң бойынша ер және әйел адамдарының киімдері бір жіпке ілінбеуі тиіс. Жалаңаш ұйықтау заңға қайшыСент-Луис
Қаладаға жаяу жүргіншілер жолында отырып сыраны шелектен ішу заңға қайшы әрекет саналады.Нью-Йорк
Витринада жалаңаш манекендердің тұруына болмайды. Мәйіттерді қарызы үшін тұтқындай алмайсыз.Кливленд
Әйелдер лакталған туфли кие алмайды.Пенсильвания
Тазалық заңы үйдегі әйелдерге шаң-тозаңдарды кілем астына жасыруға мүмкіндік бермейді. Балықтарды аузынан басқа жерінен аулауға тыйым салынады.Оңтүстік Дакота
Егер сіздің мүлкіңіздің жанында бестен аса үнділік болса, онда оларға ескертусіз оқ жаудыра аласыз.Техас
Тұрғындарға «Британик» энциклопедиясын оқуға тыйым салынады. Себебі онда сыраны үй жағдайында дайындаудың рецептісі жазылған.Вашингтон
Өз ата-атаң байлар сияқты түр көрсетіп жүру заңға қайшы.Сиэтл
Автобустар мен поездарда әйелдер ер адамның алдына жастықсыз отырса, бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.Батыс Виргиния
Жол бойында қаза тапқан жануарды көрген адам оны үйіне алып кетіп, кешкі ас қылуға құқы бар.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: liveinternet.ru, first-americans.spb.ru