Солтүстік Америка мен Еуропаның кейбір елдерінде қыста болатын керемет құбылыс орын алып отыр.
Біздегі балалар қардан аққала жасап, бір-бірімен атысып жүрген сәтте ол жақтың балалары "қар орамымен" шат-шадыман болуда.
Өз кезегінде орамның қалың болуы тікелей желдің жылдамдығы мен қардың ұшпалығына, яки жеңілдігіне байланысты. Және "қар орамы" түзілу үшін нөлдік температура қажет. Ызғырық жел қар түйіршіктерін жамылғы үстімен "орам" болып қалыптасқанша домалата береді.
Сосын, бір айта кетерлігі, қар түйіршіктері жүріп өткен жолдарында бедерлі із бен ою-өрнек қалдырады екен.
Айта кететін болсақ, әлгі "қар орамдарының" ені 30 см болса, диаметрі - 25-30 сантиметр.
сурет:ymora.net
Дайындаған: Фараби Арыстанбек