Лондонның жол-көлік қатынастары басқармасы азаматтардың көлік тізгінінде алкаголь өнімін тұтынбауы үшін жаңа бастамаларға барып отыр. Жаңа бастаманың ауыр да азапты жақтары бола тұра, болашақта жол көлік апаттары қысқарады деген сенімде.
Leo Burnett London агенттігінің мамандарымен бірлесе отырып, қоғамдық әжетханаларға шағылған көлік терезесін еске салатын айналар қойылған.
Мәселен, төмендегі бейнебаянда бір ер адамның жан шошыр күйі орын алыпты. Айнаның кенеттен шағыла кеткенін көру және қорқынышты һәм үрейлі дауыс салдарынан әлгі азаматтың зәре-құты қалмайды.
Аталған басқарма қызметкерлері осындай жолмен болса да, азаматтарды тәртіпке шақырып көрмек.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/TADO4LG29bs","width":"450","height":"240"});
Cурет:designtaxi.com
Дайындаған: Фараби Арыстанбек