- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Адам тұрғызған табиғат...
Адам тұрғызған табиғат
Жер бетінде демалуды ұмыттыратын ғаламат, бірегей орындар көп. Олардың көпшілігінің авторы – табиғат. Алайда, адамдар табиғатты жай ғана тамашалап қоймай, онымен жарысуға бел буған сияқты. Осының нәтижесінде қайталанбас әрі жұмбақ құрылыстар пайда болуда... Дәл осындай кереметтер бүгін Әлемтануға арқау болады.
1. “End of the road” ("Сапар соңы")
Көпшілік аузында "Норспор жолдары" деген атпен танымал. Құрылысы ерекше жолдың соңы Door County-мен жалғасады. Көз тартар жол АҚШ-тағы Висконсин штатында орналасқан.
2. Франциядағы "Плаза Атене" қонақүйі
Қонақүй Париждегі Монтень авенюінде (көшенің бір түрі) қоныс тепкен. Нақтырақ айтсақ, Елисей алқабына жақын жатыр. Ең алғаш келушілерін 1912 жылы қабылдады. Содан бері бірнеше атаққа ие болды, оның ішінде "Әлемнің ең үздік қонақүйі" деген лауазым да бар. Атене қонақүйі – париждіктердің лондондықтарға (Кларидж үйі) жауабы десе де болады. Ондағы 188 бөлменің 43-і люкс болып келеді. Ғимараттың терезелерінен Монтень көшесі, Ветсайд және Эйфель мұнарасы өте жақсы көрінеді. Қонақүй соңғы технологиямен жабдықталған, салтанаттың лебі еседі.
Чанд Баори – Үндістандағы Раджастхан ауданынан 95 шақырым жердегі Абанери қалашығында орналасқан ежелгі сәулеттің таңғажайып үлгісі.
4. Германиядағы су көпірі
Сіз өміріңізде су тасымалдауға арналған көпірді көрдіңіз ба? Жоқ, бұл жәй ғана сұрақ емес, мұндай құрылыс расымен де бар екен. Ол Германиядағы Магдебург қаласында орналасқан. Ұзындығы шақырымнан асатын сужетек-көпір Эльба-Хафел және Жерорта теңізі каналдарын қосып жатыр. Айтпақшы, көпірде жүзіп қана қоймай, арнайы қойылған аяқжолдармен серуендеуге де болады.
Германияның аты өзіне ғана тән сұлу сарайларымен шығып жүр. Олардың арасындағы ең танымалы –Нойшванштайн сарайы. Оның танымалдығына бірден-бір себеп – Walt Disney компаниясының белгісінен көрініс табуы.
6. Hoh Rain Forest
АҚШ-тағы Олимпик ұлттық саябағына баруды армандамаймын деп көріңізші. Бұл жерде адасудың өзі бір ғанибет шығар...
7. Жапониядағы бамбук өткелі
Бұл өткел Жапониядағы Сагао орманында орналасқан. Демалып, ой жинақтау үшін таптырмас мекен.
Тайланд құшағындағы ерекше кинотеатр. Ашық аспан астында орналасқан кинотеатрдың көрермендер залындағы орындықтары қарапайым материалдардан жасалған, ал одан 50 метр қашықтықта аса үлкен экран қойылған.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: vk.com