Адам ойын шашып жіберуден абай болыңыз!

Адам ойын шашып жіберуден абай болыңыз!

Әйнек жарғақшаларынан таңғажайып бұйымдар мен мүсіндер жасау – бірнеше ғасырдан бері келе жатқан дәстүр. Бұл саланың ең атақты шеберлері Венециядағы Мурано аралында өмір сүрген. Ал нью-йорктық суретші Даниэль Аршам біраздан бері ұмтылған өнерді қайта жандандырды. Ол уатылған әйнек қалдықтарынан таңдай қақтырып, бас шайқататын тамаша туындылар жасап шығарды.

Оның туындыларының көпшілігі адам мүсіні екен. Әртүрлі пішіндегі мүсіндердің өзіндік мән-мағынасы бар. Олардың көпшілігі терең ой үстінде отырған адамдардың мүсіні екен.

Алдыңыздағы суреттерді көріп, қолыңызбен ұстағыңыз келді ме? Қалай? Шашылып кетеді деп үрейленіп тұрсыз ба? Жо-жоқ, саспаңыз! Олар бір-бірімен ешқандай байқалмайтын арнайы желімдер арқылы біріктірілген.

Даниэль Аршам өзінің мүсіндері арқылы ой үстіндегі адамға кедергі жасауға болмайды, әйтпесе бүкіл ойды әйнектей бытыратып шашып жібересіз дегенді айтқысы келген екен.

Суреттер:tourister.ru,prirodadi.ru,mytourstory.ru,kulturologia.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева