- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- World Press Photo...
World Press Photo 2019 ұсынған үздік суреттер
World Press Photo — фотожурналистер арасында ұйымдастырылатын тәуелсіз фото байқау. Биылғы жылдың басты сыйы Техас штатында полицей тергеуге алған анасын көріп, жылап тұрған бала бейнеленген "Шекарада жылап тұрған балақай" атты суретке бұйырды.
"Жылдың үздік суреті"
John Moore/Getty Images
Джон Мур фотоға гондурастық кішкентай қыз Янеланы түсірген. АҚШ шекара қызметкері оның анасы Сандра Санчесті тексеріп, тергеп жатқан сәтіннен шошынған қыз суретте жылап тұр.
“Жылдың үздік фоторепортажы"
Pieter Ten Hoopen/Agence VU/Civilian Act
"Мигранттар керуені": Мексиканың Тапанатепека қаласынан шекара арқылы шет елге шығатын жүк көлігіне асыққан адамдарды суретші дәл уақытында түсіріп үлгерген. Кейбір жүргізушілер қызметі үшін ақша талап етсе, көбі тегін апаруды ұсынған. Сурет Питер Тен Хупенге тиесілі.
"Заманауи мәселелер"
Diana Markosian / Magnum Photos
"Кубалықтар": 1950 жылдардағы ал қызыл кабиолетке отырып, өз ауданың аралау арқылы, өзінің 15 жасын тойлаған Пураның суретке түсірген. Авторы — Диана Маркосян.
"Заманауи мәселелер"
Olivia Harris
"Ұрпағым көбейсін: Ирландиялықтардың абортқа қарсы заңына тойтарыс беру": ер азамат өзінің арқарсына Дублиндегі балаларының портретін тату ретінде салдырған.
"Қоршаған орта"
Brent Stirton/Getty Images
"Акашинга — Ержүректер": 30 жастағы Петронелла Чигумбура Акашинга сарбаздар құрамына кіріп, браконьерлермен күреседі. Бұл ұйымға жергілікті тұрғынды табиғатқа құрметпен қарауды үйрету мақсатында әр түрлі отбасыдан шыққан әйел адамдар жиналған. Автор: Брент Стиртон, Оңтүстік Африка.
"Жаңалықтар"
Chris McGrath/Getty Images
Журналист Джамаль Хашкаджи із–түссіз жоғалып кеткеннен кейін, Стамбулдағы Сауд Арабиясының консулдығының алдында жиналған БАҚ өкілдерін ұстауға тырысқан ер азаматтың суреті "Жаңалықтар" номинациясы бойынша жеңіске жеткен. Сурет авторы — Крис Макграт.
"Жаңалықтар. Фоторепортаж"
Lorenzo Tugnoli/Contrasto, for The Washington Post
Аззанда азық түлік дүкенінің жанында қайыр сұрап тұрған әйел Йеменнің жағдайынан хабар беретіндей. БҰҰ есебі бойынша, төрт жылдан астам уақытқа созылған елдер арасындағы кикілжіңнің кесірінен 8,4 миллионға жуық адам аштықта өмір сүруге мәжбүр.
"Табиғат"
Bence Máté
Румыния, Ковасндегі бір аяғы кесіліп қайта суға тасталған бақалардың суреті де жеңімпаз атанды. Көктем айларында сұраныс артатын бақаның аяқтары дәмі жағынан ең үздік тағамдардың қатарына кірген. Сол себептен Карпатов тұрғындарының басым бөлігі оларды аулаумен айналысып, күндерін көреді.
"Адамдар"
Finbarr O’Reilly
Black Fashion: бұл фотохикая The Guardian басылымында жарыққа шыққан болатын. Жергілікті тұрғындар мен көше саудагері дизайнер Адам Пэрис ұсынған көйлектерді киіп, суретке түсіп жатқан модельдерге қарап тұр. Авторы — Финбарр О’Райли.
"Спорт"
John T. Pedersen
Боксер Морин Аджамбо (30 лет) Катангте Rhino клубында дайындық үстінде. Катангте 20 мыңдай адам өмір сүреді. Барлығы дерлік кедейшілікпен күресуге мәжбүр. Ал, бокс клубтарына мүлдем қаржы бөлінбейді. Аджамбо Уганданың әйелдер құрамасына кіреді. Угандада ерлер боксының тарихы бай болғанымен, әйелдерге келгенде олар дайындық пен жарысқа қатысуға жағдай жасамайды.
Т. Есқали