Work and Travel-мен АҚШ-қа қалай барамын?

Work and Travel - бұл студенттерге арналған ең танымал бағдарлама. Жоғарғы оқу орнының студенттері әр жаз сайын АҚШ-тың 50 штатының бірінде қызмет көрсету саласында жұмыс істей алады. Өзге елдің мәдениетімен жақын танысып, ағылшын тілін дамыта алады. 

Жыл сайын Work and Travel бағдарламасымен АҚШ-қа әлемнің түкпір-түкпірінен жүз мыңға жуық студент келеді екен. Бағдарлама екі бөлімнен тұрады. Біріншісі - жұмыс. 15 мамырдан 15 қыркүйек аралығында дейін әрбір студент өзіне ыңғайлы күнтізбесін жасайды. Дегенмен студенттер тек ойын-сауық саябақтары, мейрамханалар, дүкендер, Ұлттық саябақтар, қонақ үйлер секілді қызмет көрсету саласында ғана жұмыс істей алады. 

Екінші бөлім - саяхаттау. Жұмыс мерзімі аяқталғаннан соң студенттер 30 күнге дейін саяхаттауына болады. 

Біздің тұрақты оқырманымыз Айдос Work and Travel бағдарламасымен АҚШ-қа баруға бекініпті. Алайда ол қандай құжат жинау қажеттігін, не керегін білмегеннен соң бізге жазды.

//
 

 

АҚШ-қа баруға бекінсеңіз, құжатты толықтай жинап, қаржы тапсаңыз мына кезеңнен өту қажет.

1-КЕЗЕҢ. Сауалнаманы толтырып, cұқбаттасудан өту

Өзіңізбен студенттік билет пен жеке куәлігіңізді ала жүріңіз. Сұқбаттасудан өтсеңіз, Келісімшартты қолыңызға береді. Ал электрон поштаңызға қажетті құжаттардың тізімін жібереді. Келісімшартты толықтай қарап, тексеріп шығыңыз.

2-КЕЗЕҢ. Келісімшартқа қол қою. Төлем жасау

Бәрі түсінікті болса келісімшартқа қол қойып, компанияның қызметіне ақша төлейсіз. 

3-КЕЗЕҢ. Қажетті құжаттарды жинау

Төлем жасағаннан соң алған тізім бойынша құжаттарды жинап, тіркеуден өту қажет.

4-КЕЗЕҢ. Виза жасату және шақырту іздеу (Job Offer)

Қажетті құжаттарды жинап, тіркеуден өткізгеннен соң студент ресми түрде Summer Work and Travel USA бағдарламасының қатысушысы атанып, оның атына DS формасы ашылады.

5-КЕЗЕҢ. J-1 визасын алу

DS визалық қолдаушысы дайын болғаннан соң студент құжаттардың екінші тізімін тапсырады. Одан кейін Астана немесе Алматы қаласындағы АҚШ консулдығынан ағылшын тілінде сұқбаттасудан өтеді. 

6-КЕЗЕҢ. Ұшақ билетін брондап, сатып алу

Сұбаттасудан сәтті өткеннен соң әуе билетін сатып аласыз. 

7-КЕЗЕҢ. Pre-departure orientation

Виза мен билет қолда, демек мұхиттың арғы бетіне жол тартуға дайын болыңыз. Ұзақ жолға дайындалып, компанияңыздың ұйымдастыратын жиынына қатысыңыз.