- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Work and Travel-мен...
Work and Travel-мен АҚШ-қа қалай барамын?
Work and Travel - бұл студенттерге арналған ең танымал бағдарлама. Жоғарғы оқу орнының студенттері әр жаз сайын АҚШ-тың 50 штатының бірінде қызмет көрсету саласында жұмыс істей алады. Өзге елдің мәдениетімен жақын танысып, ағылшын тілін дамыта алады.
Жыл сайын Work and Travel бағдарламасымен АҚШ-қа әлемнің түкпір-түкпірінен жүз мыңға жуық студент келеді екен. Бағдарлама екі бөлімнен тұрады. Біріншісі - жұмыс. 15 мамырдан 15 қыркүйек аралығында дейін әрбір студент өзіне ыңғайлы күнтізбесін жасайды. Дегенмен студенттер тек ойын-сауық саябақтары, мейрамханалар, дүкендер, Ұлттық саябақтар, қонақ үйлер секілді қызмет көрсету саласында ғана жұмыс істей алады.
Екінші бөлім - саяхаттау. Жұмыс мерзімі аяқталғаннан соң студенттер 30 күнге дейін саяхаттауына болады.
Біздің тұрақты оқырманымыз Айдос Work and Travel бағдарламасымен АҚШ-қа баруға бекініпті. Алайда ол қандай құжат жинау қажеттігін, не керегін білмегеннен соң бізге жазды.
АҚШ-қа баруға бекінсеңіз, құжатты толықтай жинап, қаржы тапсаңыз мына кезеңнен өту қажет.
1-КЕЗЕҢ. Сауалнаманы толтырып, cұқбаттасудан өту
Өзіңізбен студенттік билет пен жеке куәлігіңізді ала жүріңіз. Сұқбаттасудан өтсеңіз, Келісімшартты қолыңызға береді. Ал электрон поштаңызға қажетті құжаттардың тізімін жібереді. Келісімшартты толықтай қарап, тексеріп шығыңыз.
2-КЕЗЕҢ. Келісімшартқа қол қою. Төлем жасау
Бәрі түсінікті болса келісімшартқа қол қойып, компанияның қызметіне ақша төлейсіз.
3-КЕЗЕҢ. Қажетті құжаттарды жинау
Төлем жасағаннан соң алған тізім бойынша құжаттарды жинап, тіркеуден өту қажет.
4-КЕЗЕҢ. Виза жасату және шақырту іздеу (Job Offer)
Қажетті құжаттарды жинап, тіркеуден өткізгеннен соң студент ресми түрде Summer Work and Travel USA бағдарламасының қатысушысы атанып, оның атына DS формасы ашылады.
5-КЕЗЕҢ. J-1 визасын алу
DS визалық қолдаушысы дайын болғаннан соң студент құжаттардың екінші тізімін тапсырады. Одан кейін Астана немесе Алматы қаласындағы АҚШ консулдығынан ағылшын тілінде сұқбаттасудан өтеді.
6-КЕЗЕҢ. Ұшақ билетін брондап, сатып алу
Сұбаттасудан сәтті өткеннен соң әуе билетін сатып аласыз.
7-КЕЗЕҢ. Pre-departure orientation
Виза мен билет қолда, демек мұхиттың арғы бетіне жол тартуға дайын болыңыз. Ұзақ жолға дайындалып, компанияңыздың ұйымдастыратын жиынына қатысыңыз.
А. Рысдәулет