Snickers-тің ғасырға жуық тарихы

Snickers-тен танымалдау шоколад тауып көріңізші. Шоколад батонын Mars, Incorporated компаниясы шығарады. Арахис пен шоколадпен қапталған салынды ерекше дәм береді.

Бұл дәм 1930 жылдан бері өзгермей келеді. Аса жоғары дәрежеде калорий сақталса да, ғасырға жуық уақыт бойы бұл өнім адамзаттың сүйікті асына айналып келді. Ал оның осы уақыттар бойы жасаған ерекше жарнамалары мен қалыптасқан брендіне тек таңдана беру қалмақ.

Snickers батончигі тұңғыш рет 1923 жылы АҚШ-та, Фрэнк Марстың қолынан жасалған болатын. Ал 1930 жылы Чикагода шоколад фабрикасы салынды. Қазіргі уақытта бұл фабрика минутына 560 тәтті-пәтті шығарады екен.  

Snickers атауы Марс әулетінің ең жақсы көретін жылқысының аты болып шыққан. Белгісіз ақпараттар бойынша, бұл жылқы шоколад өндіру басталмай тұрып, өліп қалған екен. Егер жылқы өлмесе, кім біледі, қазір шоколадтың атауы басқа болар ма еді? Бірінші кезде Snickers-тердің данасы 20 центке сатылған. Ол кезде жәй ғана шоколад үшін мұндай ақша төлеу ойға қонымсыздау болғанын айта кетейік.

Әрбір батончикте 16 жаңғақ болады. Ал егер әлем бойынша әртүрлі көлемдегі шоколадтардың таралымы 15 миллион болса, онда бір аптада 99 тонна жержаңғақ пайдаланылады деген сөз.  

Тағы бір қызығы, Ұлыбритания мен Ирландияда бастапқы кезде шоколад Marathon деген атпен сатылып тұрыпты. 1990 жылға дейін осы атаумен келген шоколадқа өндірушілер Mars деген жаңа әрі қысқалау ат берген. Қазіргі уақытта әлем бойынша Snickers деген атау ғана қолданылады.

Snickers-тың жәй ғана шоколад емес, толық бір поп-мәдениеттің бөлшегіне айналғандығын білеміз. Ал «Сникерсни» сөзі әркімге де түсінікті сөз болып қалыптасты. Mars, Inc. Әлем бойынша бір ғана шоколад арқылы 2 миллиард доллар пайда тауып отыр. Қызығы қызық...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: vk.com