Pepsi-дің жаңа шөлмектері АҚШ-та сатылымға түсетіні енді ғана белгілі болды. Pepsi, Diet Pepsi, Pepsi Max және Pepsi Next сусындары ендігі кезекте жаңарған құтыда болмақ.
460 мл және 570 мл көлемді жаңа қалыптың төменгі жағы айналмалы болып келеді. Логотиптің сәл үлкен болуына байланысты және оны қолға ұстауға ыңғайлы болуы үшін сәл жіңішке бола түскен. Шыныдан жасалып келген 340 мл құты да дәл осындай жаңа формаға өтпек. Жарнама қағазы жоғары жақта жылтыр түсті болады. Ал 2008 жылы біршама өзгерген бұрынғы логотип сол қалпында қалады.
PepsiCo стратегиясының жаңа формаға өту маркетологиялық қадамы Super Bowl атты американдық футбол чемпионатымен және поп-әнші Бейонспен (Beyonce) жасалған 50 миллиондық шартнамамен байланысты болып отыр.
Жаңа шөлмектер АҚШ-та сәуірден бастап сатыла бастайтын болыпты. Бұдан кейін ескі қалыптағы құты өндірушілер өз жұмысын тоқтатпақ.
ТМ Pepsi компаниясының меркетинг бойынша вице-президенті Анжелик Крембс (Angelique Krembs) редизайн тек шөлмектерге емес, барлық қаптамаларға жасалатынын айтқан. Бірақ өткен жылы біршама өзгерген логотип дизайны компанияның табысын 4 пайызға қысқартқан болып шықты.
«Біз жаңа қалыпты өтiріктен шығара салуды құптамадық, сондықтан бөтелкенің жаңа дизайны жарқын әрі жағымды, жастардың мінезімен сәйкес болсын дедік» - дейді Крембс.
Жаңа құты – бұл өз бәсекелесі саналатын Coca-Cola компаниясының қадамын айнытпай жасау дейді мамандар. Жаңа құты тұтынушылардың көңілінен шыққан екен.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: adme.ru