Nike 30 жылдығына жаңа брендпен аяқ басты

Nike 30 жылдығына жаңа брендпен аяқ басты

Nike компаниясы 30 жасқа толып отыр. Дәл осы мерекеге байланысты Air Force 1 кроссовкалар сериясының жаңа моделі шықты. Ескерте кетсек, бұл кроссовкалар хип-хоп әлемінің айнымас белгісіне айналып үлгерді.

Дәл осы Nike Air Force 1 (суретте) кроссовкасын киіп шыққан рэпер кім еді? Бұл әлі белгісіз. Тупак, Бигги немесе Джей-Зи дәл осы модельдің ақ түсін киіп, сахнадан көрініп еді. Сөйтіп, баскетбол ойынына арналған спорттық киім шоу-бизнесте де үлкен жетістікке жетті.

Атақты рэпер Нелли болса, бұл аяқ киім туралы үздік жарнама сөзін тауып берді: «Маған бірден екі жұбын беріңіз, мен даңқыма осылармен жетейін». Қызығы қызық.

30 жыл өтсе де, Air Force 1 ерлердің ең қызықтап киетін аяқ киіміне айналды, тіпті Американың кейбір аудандарында бұл үшін адам өлтіру ісі де тіркелген екен. Сұраныста келе жатқанына осыншама жыл өтсе де, бұл аяқ киім тек түсін ғана өзгертіпті. Бақ деген осы шығар...

 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Суреттер: etoday.ru

А. Құлтай