Көпшілігіміз ұжымдық визит карточкасына қарай отырып, компания туралы алғашқы әсерге бөленеміз.
Міне, осы тұста ірімшік саудасымен айналысатын бразилиялық “Bon Vivant” компаниясының тапқырлығы еріксіз көңіл аудартады. Аталған компания мүшелері ірімшік үккіш (терка) қалыбында жасалған инновациялық бизнес-карточкаларын ұсынады.
“Bon Vivant” компаниясының сатып алушылары ә дегеннен-ақ визиткаларды түк қалдырмай бөліске салған. Тиражы 1000 данамен шыққан карточкаларды таратуда қожайын жаңа ережелер шығарып үлгеріпті. Бұдай былай, біржолғы жолаушыға емес, бірнеше рет тапсырыс берген адамдарға ғана үлестіріледі.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/iMJkNgLxvng","width":"450","height":"240"});
сурет:www.liveinternet.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек