Корей Халық демократиялық Республикасының үлкен тау баурайында "Ким Чен Ынды" мадақтау жөнінде алып жазу пайда болды. Оның үлкендігі соншалықты оны тіпті Google Earth картасынан оп-оңай байқауға болады екен.
Жазудың негізгі мағынасы: "Жердегі Күн, Генерал Ким Чен Ын жасасын" дегенді білдіреді. Бұл жазудың ұзындығы 560 метрді құраса, әріптердің өлшемі 15 пен 20 метр аралығында. Жазудың орналасқан жері Қытаймен шекаралас жердегі Янгандо жасанды көлінің маңайында.
Бірақ жазудың қашан жасалғаны жөнінде ешқандай мәлімет жоқ. Белгілісі ғарыштан түсірілген суреттің биылғы жылдың қазан айында жасалғаны. Жазудың маңында орналасқан көл болса, 2007 жылы ғана қолдан толтырылған.
Естеріңізге сала кетейік, Ким Чен Ын билік басына әкесі Ким Чен Ир қайтыс болғаннан кейін келген болатын. Оның тақ мұрагері болатындығы жөнінде 2009 жылы жарияланған еді.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: zhelezyaka.com