Forbes журналы ең бай елдердің тізімін жариялады

"Америкалық танымал Forbes журналы әлемдегі ең бай елдердің тізімін жариялады" - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Рейтинг тізімін жасағанда 2010 жылғы адам басына шаққандағы ішкі жалпы өнім есепке алынды. Есептеу нәтижесінде Катар мемлекетінің халқы байқуатты өмір сүретіні анықталды. Парсы шығанағындағы мемлекет мұнай мен газының арқасында байыған. Катардағы табыс жан басына шаққанда орта есеппен 88 мың долларды құраған.

Forbes журналының болжамы бойынша әлемдегі ең бай елдердің тізімі төмендегідей:

1. Катар (88 222 доллар);
2. Люксембург (81 466 доллар);
3. Сингапур (56 694 доллар);
4. Норвегия (51 959 доллар);
5. Бруней (48 333 доллар);
6. БАӘ (47 439 доллар);
7. АҚШ (46 860 доллар);
8. Гонконг (45 944 доллар);
9. Швейцария (41 950 доллар);
10. Нидерланды (40 973 доллар);
11. Австралия (39 764 доллар);
12. Австрия (39 761 доллар);
13. Ирландия (39 492 доллар);
14. Канада (39 171 доллар);
15. Кувейт (38 775 доллар).

Сурет: Massaget.kz

Форумда талқылау