Forbes журналының «Ең бай блогер-саяхатшылар» рейтінгінде алғашқы орын америкалық Брайан Келлиге бұйырды. Келли өзінің @thepointsguy инстаграм парақшасында саяхатқа шығуды енді бастаған адамдарға көптеген кеңестер беруімен танымал. Оның парақшасына 143 мың адам тіркелген. Одан кейінгі саты Калифорниялық трэвел-блогер Кристен Ричке тиесілі болса, үшінші орынды өздеріңізге жақсы таныс Follow me жобасының авторлары Мурад және Натали Османндар иеленді. Ең бай блогер-саяхатшылар рейтингінің алғашқы ондығындағы адамдарды жалпы саны 17,4 миллион адам тамашалайды екен.