- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Empire State Building...
Empire State Building – ұшақпен бетпе-бет келген ғимарат
Empire State Building – әлемдегі ең биік ғимараттардың бірі. 1945 жылы осы ғимараттың 78-қабатына В-25 бомбалаушы ұшақ соқтығысқан.
Әлқисса, 1945 жылы 28 шілде күні (сенбі), шамамен күндізгі сағат 10 шамасы еді. Подполковник Уильям Франклин Смит-кіші ұшақпен әскерилерді үйлеріне тасымалдап жүреді. Бұған дейін Уильям соғыс алаңында 1000 әскери сағат көкте шайқасқаны үшін марапатталған болатын, тәжірибелі ұшқыш атанған.
27 жастағы ұшқышқа Ла-Гуардиядан Ньюаркқа ұшар алында ауа-райының нашар екені хабарланған. Бірақ Уильямның мұны неге ескермегені белгісіз. Диспетчер ұшқышқа "Біз Empire State Building ғимаратын көрмей тұрмыз", - деген екен, ТІМЕ басылымының 1945 жылы жазылған есебінде. Бірақ Уильям ұшып кеткен.
⠀
Қалың тұманда ол Манхэттеннің ішінде 225 миль/сағат жылдамдықпен "шарлаған". 5-авенью мен 42-көшенің қиылысындағы биік ғимаратты соға жаздап, солға бұрылғанда алдынан Empire State Building шыққан. ⠀
ТІМЕ басымылымында "Бомбалаушы ұшақ ғимараттың қалың құрыш бөліктері мен тастарына соқтығысты, құдды папье́-маше́ден (гипс пен қағаздан жасалған бұйым) жасалғандай күл талқаны шықты. Кейін ұшақтың жанар-жағар май багы жарылды. Сол сәтте алау от ғимараттың ішін, кейін сыртын шарпыды", - деп жазылған.
Уильям Смит пен тағы екі жолаушы сол уақытта қаза болған. Ғимаратта 11 адам өлім құшқан. Қаза болғандардың дені ұлттық католиктік әл-ауқат конференциясында қызмет ететін әйелдер екен.
26 адам ауыр жарақат алған. Ұшақ ғимаратқа соқтығысқанда лифттің тоғын кесіп өткен. 19 жастағы лифт жөндеуші қыз 79-қабаттан жертөлеге құлаған, жамбасы, арқасы, мойны сынған. Ауыр жарақат алған қызды құтқару үшін жедел құтқару тобы қирандының бірін ойып тескен. 17 жастағы Дональд Мэлони есімді жағалау күзеті ауруханасының оқушысы сол ойықтан кіріп, лифт жөндеуші қызды шығарып алып, морфий берген. Ғимарат жанындағы дәріханалардан екпеге арналған инелерді сұрап алып, біраз жапа шеккендерге алғашқы көмек көрсеткен екен.
Ұшқыштың мүрдесі апаттан кейін екі күннен соң лифт жертөлесінен табылған.
⠀