Boeing компаниясы Boeing 787 Dreamliner ұшағының тестік ұшырылымын өткізді. Жетілдірілген аккумуляторлар жүйесімен жұмыс жасайтын әуе кемесі аспанда 2 сағатын өткізді. Мамандардың айтуынша, сынақ сәтті болды.
Айта кетелік, қаңтар айында АҚШ-тың азаматтық авиацияның бақылаушы органы Boeing 787 Dreamliner ұшағын ұшыруға тыйым салған болатын. Бұл шешімнің қабылдануына Жапонияда ұшып жүрген лайнерде аккумулятор ақауының байқалғандығы себеп болды.
Айта кетелік, осы проблеманың себебінен Boeing компаниясы аптасына 50 миллион доллар жоғалтып жатыр.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: hk.best-wallpaper.net