Air France жолаушыларынан ақша жинап беруді өтінді

Air France жолаушыларынан ақша жинап беруді өтінді

Air France компаниясының жолаушыларынан ұшқыштар жағармайға ақша жинап беруді өтінді. Бұл оқиға ұшақтың Дамаск қаласына авариялық қонуынан соң орын алды.

Әуежайдың бас трассасында әскери қақтығыстар басталған кезде ұшақ Бейрут (Ливан) қаласына бет алған болатын. Дегенмен жанармайдың жеткіліксіздігінен ұшқыш Дамаск қаласының әуйежайына қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды ictv.

Экипаж содан соң Батыстың Сирияға салған қаржылық санкцияларының себебінен жанармай ақысын төлей алмай отырғандықтарын айтып, 174 жолаушыдан ақша жинап беруін өтінді. Ұшқыштар әлдеқайда қауіпсіз Кипрдағы Ларнакаға дейін жетуге жететін 1000 литр керосин құю керектігін айтты.

Жолаушылар бірден сөмкелері мен әмияндарынан ақша іздей бастады. Дегенмен олардың ақшасы қажет болмады. Мәселе басқа жолдармен шешімін тауып, ұшақ 2 сағаттан кейін Ларнакаға ұшып кетті.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: andrics.com