- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Air Astana пандемияда...
Air Astana пандемияда қандай қауіпсіздік шараларын қолданып жатыр?
Былтыр пандемия кезінде жұмысы тоқтап қалған әлемдік әуе компаниялары 1 мамырдан қайта жұмысқа кірісе бастады. Халықаралық және ішкі рейстер аз да болса жанданды. Дегенмен компаниялар COVID-19 инфекциясының таралуын алдын алу үшін түрлі қауіпсіздік шарасын қолданып жатыр. Ендеше мұны Air Astana әуе компаниясының тәжірибесі негізінде шолып өтейік.
Онлайн-тіркеу уақыты ұзартылды
Air Astana әуежайдағы жолаушылар шоғырын азайту үшін онлайн тіркеу қызметін 36 сағатқа ұзартты. Бұған дейін 24 сағат бұрын тіркелуге болатын еді. Ал тіркеу рейске 60 минут қалғанда аяқталады. Енді жолаушылар бұрынғыдай тіркеу орнына бармай-ақ, әлеуметтік қашықтықты сақтай алады.
Онлайн тіркеуде жолаушылар ұшақтағы орнын таңдай алады.
Ескеретін жайт – қазір Қазақстан мен басқа елдердің қосымша талаптарына байланысты халықаралық рейстерге онлайн тіркелу уақытша мүмкін емес.
Фото: Елена Сергиенко
Онлайн тіркелуді airastana.com сайтының «Менің брондауым» бөлімінде, Air Astana мобильді қосымшасы немесе Нұр-Сұлтан мен Алматы әуежайларында өзін-өзі тіркеу киоскілері арқылы да жасауға болады.
Жерде қызмет ету және ұшуға дайындық
Компанияның борттағы, әуежайдағы қызметкерлері маска тағып, қолғап киіп жұмыс істейді. Экипаждың барлық мүшесі COVID-19 инфекциясына қатысты арнайы нұсқаулықтан өтеді. Жерде қызмет ететін барлық қызметкер жеке санитайзер, қолғап, маскамен қамтамасыз етіліп, уақытылы ауыстырып отырады.
Фото: Елена Сергиенко
Әр рейстен кейін ұшақтардың іші жиналып, арнайы дезинфекциялау құралдарымен екі рет өңделеді. Арнайы қорғаушы киім киген клининг-топ ұшақты бастан-аяқ қамтып, әр сантиметрді дезинфекциялайды. Бұдан кейін ұшақ тап-таза болып қана қоймай, стерильденіп шығады.
Фото: Григорий Беденко
Егер қандай да бір рейсте COVID-19 инфекциясын жұқтырған жолаушы болса, сол ұшақты рейстен кейін алдымен СЭС қызметкерлері дезинфекциялайды.
Фото: Григорий Беденко
Бір сағаттан кейін әуекомпанияның жиыстыру қызметі ұшақты дезинфекциялауға кіріседі. Бұған ұшақ түріне байланысты 15-40 минут жұмсалады.
Ауа сапасы және желдету
Air Astana әуе компаниясының ұшақтары HEPA ауа сүзгілерімен жабдықталған. Бұл сүзгі ауадағы лас заттарды, соның ішінде COVID-19 вирусын да 99,9% тиімділікпен жойып, тазартып отырады.
Оның жұмыс принцибі мынадай: кабинаға ауа жоғарғы жүк сөрелерінен беріліп, вертикал бағытта еденнен шығып кетеді және ең бастысы – ауа алға немесе артқа кетпей, вертикал бағытта жылжиды.
Вентиляция жүйесі дәл осылай әр рейсте 3 минут сайын жұмыс істеп, ауа жаңарып отырады.
IATA (халықаралық әуе көлігі қауымдастығы) ақпаратына сүйенсек, кеңсе мен сауда орталықтарына қарағанда ұшақтағы ауа қауіпсіз және жиірек жаңартылады.
Өзге де тазалық пен қауіпсіздік шараларын атап өтейік.
Ұшақ экипажы – жолаушылармен әрдайым қарым-қатынас жасайтын негізгі қызметкерлер. Сондықтан Air Astana экипажының денсаулығы әр рейс сайын тексеріліп отырады және экипаж COVID-19 симптомдары анықталған жолаушымен жұмыс істеуге бейімделген.
Фото: Григорий Беденко
Егер компания қызметкері COVID-19 инфекциясын жұқтырса, Air Astana оған барынша көмектесуге атсалысады: емделуіне қаржылай көмек береді, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді, вирустың симптомсыз түрін жұқтырса, қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Air Astana әуе компаниясы әр жолаушыны саяхат кезінде ДДҰ талаптарын сақтап, санитайзермен қолды үнемі тазартып, әлеуметтік ара-қашықтық сақтауға шақырады. Егер саяхат алдында ауру белгілері пайда болса, емдеуші дәрігерге телефон соғып, қаралуға кеңес береді.
Серіктес материалы
Massaget