84 жасар зейнеткер 600 млн долларға байып кетті

84 жасар зейнеткер 600 млн долларға байып кетті

Адамзат тарихындағы лотереядан рекордты ұтыс АҚШ-тың Флорида штатында тіркелді. Нақтырақ айтсақ, осы штаттың 84 жасар тұрғыны Глория Маккензи Powerball ұлттық лотереясынан 590 миллион доллар ұтып алды. 

Ұйымдастырушылар жеңімпаздың есімін лотерея шарты бойынша өткен баспасөз маслихатында жариялады. Алайда, Маккензи журналистермен кездесуден бас тартқан.

1

Қарт әжей сәттілік алып келген билетті Флоридадағы шағын ғана Зефирхиллс қаласындағы бір супермаркеттен сатып алған екен. Бұл қалада бар-жоғы 13 мың адам тұрады. Жалпы АҚШ лотереяларында жеңімпазға ұтысты екі әдіспен алу ұсынылады. Біріншісі, ұтысты бірден алу. Ол кезде оған тек 370,8 миллион доллар бұйырады. Оның үстіне АҚШ үкіметіне төлейтін салықты қосыңыз. Ол 39% құрайды. Бірақ Флорида штаты АҚШ-тағы лотерея ұтысына салық төлемейтін алты штаттың бірі саналады. Екіншісі, ұтысты түгелдей алу. Бірақ ол үшін сізге 30 жыл қажет. Егер сіз осы әдісті таңдасаңыз, ұйымдастырушылар ұтысты сізге жыл сайынғы төлем ретінде 30 жыл бойына беріп отырады. Ал Маккензи болса біріншісін таңдаған екен. Сонымен оның таза ұтысы 370,8 миллион доллар болды. Тағы да бір қызық жәйт, Маккензи өз ұтысын алуға тираждан үш апта өткеннен кейін ғана келген. Не себепті оның осындай көлемдегі ақшаны алуға асықпағаны әзірге белгісіз болып отыр. 

Бұл джекпот тарихтағы бір адамға бұйырған ең үлкен ұтыс болып отыр. Өткен жылдың наурыз айында Powerball лотереясынан 656 миллион доллар ұтыс Иллинойс, Канзас және Миссури штаттарының үш тұрғынына теңдей бөлінген еді. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: ntv.ru, news.nom.co

Б. Қосмағамбет