- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- 8 жасар күйеу...
8 жасар күйеу жігіт
Солтүстік Африканың Саванна ауданындағы 8 жасар ұл бала 61 жастағы әйелмен шаңырақ көтерді. Бұл бала отбасының ең кенжесі болып, ал оның жары атанған әйелдің бес бірдей баласы бар екен.
«Күйеу жігіттің» айтуынша, оның ата-бабалары түсіне кіріп, олардың рухы бұл той салтын қалай да өткізу керек екенін қатаң ескерткен. Сонымен күйеу жігіттің отбасындағылар әруақтар жазасына жолығудан қорқып, бұл тойға мақұлдық берген көрінеді.
Бұл салтанатты тойды өткізу үшін күйеу жігіттің отбасындағылар келін түсіру қаржысы үшін 500 фунт стерлинг «Қалың мал» берген. Ал той салтына 1000 фунт стерлинг жұмсаған.
Бұл той салты Африка елдерінде біраз дүмпу тудырған көрінеді. Ал 8 жастағы жас күйеудің отбасы мұны ақтап: "Бұл тек баба дәстүрі. Ешқашан заңдық шектемеге ұшырамайды" дейді. «Кәрі келіннің» енесі бұл туралы: "Кенже ұлымның есімі оның ұлы атасының есімімен бірдей. Ал оның ұлы атасы өмірінде бірнеше рет бас құрағанымен, бірде-бір той салтын өткізіп көрмеген. Оның бабасының рухы кенже шөбересін талдаған, және өз рухымен осы салтты өткізуге бұйырды» дейді.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: hawar.cn
Қ. Қауымбек