- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- 30 миллионға жуық...
30 миллионға жуық қытайлық әлі күнге дейін үңгірде өмір сүреді
Қытай елі өзінің ауқымды территориясымен қатар миллиардтаған адамдарының арқасында жер бетінде үлкен танымалдылыққа ие. Ежелден Цин империясы болып тарих бетінде қалған айдаһар елінің бүгінде де дәурені жүріп тұр. Осыншама халықты басқарып, олардың әл-ауқатын бірқалыпты деңгейде ұстап тұрған басшылары шынымен де көреген бе дерсің. Қашан да халық айтқан мекеннің қызық болатыны бәрімізге белгілі. Сонымен сіз бен біз білмейтін қытайлықтардың қандай қызықты деректері бар екендігін тізімдеп көрейік.
Қытайда ас ішетін қос таяқша үшін жылына 20 миллион ағаш оталады. Бір рет қана пайдаға асатын 80 миллиард таяқ үшін табиғат миллиондаған өсімдігінен айырылады.
Егер Қытайдың барлық темір жолын бір сызыққа орналастыратын болса, жер бетін екі рет айналып өтуге жетеді екен. Оның ұзындығы 93 мың км-ді құрайды.
Айдаһар елінің көмір қоры 115 миллион тонна болып есептелуде. Бұл көрсеткіш АҚШ, Ресей сынды алпауыт елдерден кейін үшінші орынға тұрақтауға мүмкіндік беріп тұр.
Соңғы екі жылда Қытай елі жиырмасыншы ғасырдағы ең үлкен цемент өнімдерін дайындаған екен. Бұл дегеніңіз - жер бетінің 60 пайыз құрылыс материалы осы бір мекеннен шығады деген сөз.
Жылына темекіден миллиондаған қытайлық көз жұмады. Салыстырмалы түрде қарасаңыз, бір жылда Алматының жартысынан көбі опат болады деген сөз.
Табиғи газ өнімдерінің қоры 3,1 миллион куб метр болып тұр. Аталған сандар олимпиаданың 1,24 миллиард бассейнін қамтамасыз етуге жеткілікті.
Тез дайындалатын макарон өнімдері де бұл мекенде қатты сұранысқа ие. Жылына 43 миллиардтан астам осындай жеңіл асты қысық көзділер пайдаланады.
Қытай елі жылына 5200 Эйфель мұнарасының салмағына тең шошқа етін жейді екен.
Әлемдегі барлық шошқаның тең жартысы осы елден табылады. Себебі, аталған жануардың еті мұнда үлкен сұранысқа ие.
30 миллионға жуық қытайлық әлі де болса үңгірде өмір сүреді.
Қытайдың Датанг ауданындағы Жуджи қаласы жылына 8 миллиардтан астам шұлық өндіреді екен. Сондықтан да бұл мекенді "шұлықтың ордасы" деп атайды.
Қытай елінің территориясы үлкен болғандықтан, мұнда сағат белдемшелері де әртүрлі. Бірақ ол табиғаттың заңында ғана қалып қойған. 1949 жылы Мао Цзэдун есімді басшылары елдің біртұтастығын сақтау мақсатында барлық өңірдің бір уақытқа тәуелді болуы туралы заң шығарған. Осыдан кейін елдің кейбір өңірлерінде сағат 10:00-де таң атып жатады.
Бүгінгі таңда бұл жер ең үлкен инвестиция орталығына да айналып бара жатыр.
B. ZHAQSYMBET