30 жаста аралауға болатын Еуропа қалалары

Қазіргі таңда саяхатқа шығу екінің бірінің қолынан келеді. Оларға қойылатын талап: күн демей, түн демей, қор жинап, тіл үйреніп, ерік-жігерін жинай алуы керек. Оған қоса, жоспарлай алуы қажет. Жұмыс істеп, қаржы жинап, саяхаттауға бет алған 30 жастағы адам Еуропаның мына қалаларын аралай алады.

Лондон

Лондон – аса арзан да, қымбат та емес туристер көп қыдыратын қалалардың бірегейі. Сол үшін ақшаңыз салыстырмалы түрде көп жиналған кезде баруға болады. Сізді Лондонда дәмді дастархан, тарихи орындар, керемет бутик-қонақүйлер күтіп тұрады.

Бұл қалада кейбір мұражайлар тегін, қыдырып жүріп, бас сұқсаңыз да болады. Қалтаңызға ауыр салмақ салмайды. 

Лондонның Уолтемстоу, Шордич, Пекхэм және классикаға қаныққан Мэрилебон, Мейфэр, Кенсингтон аудандары сіздің жасыңызға лайық.

Париж

Лондоннан Парижге дейін әлемге танымал «Евростар» еуропалық пойызымен жетіп алсаңыз болады. Франция астанасын 30 жаста саяхаттау – ерекше романтика. Бұл жаста қаладан махаббаттан гөрі көнелікті, аспан астындағы кафеден круассанды, майшамдары жанған мейрамханадан ерекше ірімшікті іздейсіз.

Барселона

Ал Парижден Барселонаға дейін 7 сағатта пойызбен жете аласыз. Парижге қарағанда арзанға түсетін Барселона сізді готикалық сәулет өнерімен, мәдениетпен, мейрамханаларымен күтіп алады. Готикалық квартал мен Сарриа-Сан Герваси, Эшампле, Побле-Сек және Трес Торрес аудандарында каталондық пейзажды тамашалай аласыз.