2015 жылы халықаралық туристік саяхаттар саны 4,4 пайызға, яғни 1,2 миллиардқа дейін өсті,− деп хабарлайды РБК БҰҰ жанындағы Бүкіләлемдік туристік ұйымға (UNWTO) сілтеме жасап. UNWTO мәліметінше, бұл рекордтық көрсеткіш болып отыр.
2014 жылмен салыстырғанда саяхат саны былтыр 50 миллионға артқан. Бұл көрсеткіш 2010 жылғы дағдарыстан кейін жыл сайын 4 пайызға өсіп отырған.
Ұйымның мәліметінше, Еуропа, Азия-Тынықмұхиты аймақтары мен Оңтүстік, Солтүстік Америка, Таяу Шығыста туризм үш пайызға өссе, ал Африкада үш пайызға төмендеп кеткен. Ең үлкен көрсеткішті Қытай, АҚШ пен Ұлыбритания көрсетті.
Ұйым болжамы бойынша, келесі жылы да әлемдегі туристік саяхаттар төрт пайызға өседі. UNWTO мемлекеттік хатшысы Талеб Рифаидың айтуынша, 2015 жылы туризмге валюта бағамы, мұнай бағасы, әлемдегі табиғи және техногенді дағдарыстар әсер еткен. Ол әлем елдеріне туризм жоспарын мәселесін ұлттық қауіпсіздік жоспарына қосуды ұсынды.
Дереккөз: tengrinews