2013 жылдың аяқталуына да санаулы күндер қалды. Осы орайда өткен жылға қорытынды жасалып, жаңа 2014 жылдың жаңалықтары жариялануда.
Lonely Planet баспасы келе жатқан жылы саяхат жасауға арналған әлемдік бағыттардың тізімін ұсынған екен. Сіздерді де таныстыра кетуді жөн көрдік.
Олар оқырмандарының арасында сауалнама жүргізген. Рейтингті анықтауда "өзектілік", "таңырқаушылық", "икс-фактор" сынды белгілер есепке алынған. Нәтижесінде 2014 жылдың ең туристік нүктесі Бразилия болып танылып отыр. Оған осы елде өтетін футбол чемпионаты да әсерін тигізген көрінеді. Чемпионатқа 600 мыңнан астам шетелдік қонақ келеді деп жоспарланған.
Екінші орынды Антарктика иемденді, мұнда көбіне қалыпсыз саяхатты құп көретіндер барады. Желді әрі жауын-шашынды Шотландия үздік үштіктен көрінді.
Толық тізім төмендегідей:
Бразилия
Антарктика
Шотландия
Швеция
Малави
Мексика
Сейшелы
Бельгия
Македония
Малайзия
Ал Тrivago аталатын сайт "баға-сапа" талаптарын есепке ала отырып, басқа тізімді ұсынады. Яғни, мұнда жергілікті қонақ үйлердің күндік бағасы мен ұсынылатын қызмет көрсетудің бағасы қарастырылған.
Нәтиже бойынша, марокколық Айт-Бен-Хадду қаласы ең үздік деп танылды (бір түнге 42 еуро). Бұл жер тек қана тарих пен африкалық пейзаж сүйгіштерді ғана емес, әртүрлі киноленталардың жанкүйерлерін де қызықтырады. Себебі, осында «Гладиатор», «Царство небесное» фильмдері мен заманауи «Игры престолов» сериалының түсірілімдері өткен.
Екінші орынды босниялық Мостар қаласы қанжығасына байласа (бір күнге 50 еуро), үшінші орынды Иос аралындағы грекиялық Хора қалашығы алып отыр (бір күнге 50 еуро).
Сайттың ондығы төмендегідей:
Айт-Бен-Хадду (Марокко)
Мостар (Босния)
Хора — Иос аралы (Грекия)
Мерзуга (Марокко)
Бхактапур (Непал)
Мегало Папинго (Грекия)
Сукре (Боливия)
Пинъяо (Қытай)
Пенеда-Жереш (Португалия)
Яншо (Қытай)
Ал сіз 2014 жылы қайда саяхат жасағыңыз келеді?
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: vk.com