200 мыңнан аса қазақстандық бейтаныс адамды қалаған уақытында оятатын әлеуметтік коңыраудың көмегіне жүгінеді екен.
Әңгіме Budist.ru жобасы жайында. Елді ұйқысынан оятуға ешқандай да қаржы сұрамайтын бұл сайт "Ұйқы" және "оятқыш" болып екіге бөлінеді. Егер біріншілері ұйықтаудан қорқатын болса, екіншілері, керісінше, ұйықтап қалудан қорқады. Әлемде дәл осындай жоба мүлде жоқ.
"Будист" - бұл әлеуметтік оятқыш. Біздің мақсатымыз - әлем елдерінде тұратын әр түрлі адамдарды бір-бірімен таныстыру арқылы оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Мұның бәрі тегін, әрі жасырын түрде жүзеге асады. Көптеген сарапшылардың айтуынша, түрлі дыбыстар мен музыканың орнына адам даусы арқылы ұйқыдан ояну пайдалырақ екен", - дейді жоба авторы Мария Такмакова.
Мұндай жоба біздің елде де аса танымалдылыққа ие болып келеді. Бүгіндері 200 мыңнан аса қазақстандық Budist.ru сайты арқылы ұйқысынан оянады екен.
"Әзірге Қазақстан мұндай әлеуметтік оятқышты пайдалануда үшінші орында келеді. Екінші орында - Украина, бірінші орын Ресейдің еншісінде. Бүгінге дейін сайтқа миллионға жуық адам тіркеліп үлгерді. Соның ішіндегі 200 мыңы - қазақстандықтар. Күн сайын олардың саны артып келеді", - дейді Такмакова.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: Budist.ru