20 жаста аралауға болатын Еуропа қалалары

Өмірдегі ең алғашқы саяхатыңызды бастағалы жатсыз дейік. Сіз жассыз. Сәйкесінше қаржыңыз да аз болар. Сондықтан, қалтаңызға ыңғайлы, қонақүйлері арзан, түнгі келбеті ерекше жерге барған дұрыс. Сондай қалалардың тізімін жасап көрейік.

Амстердам

Амстердамды әлі күнге дейін Солтүстік Венеция деп атайды. Өйткені қала ортасындағы арна романтика үшін өте керемет үйлеседі. Бірақ, сіз жасыңызға байланысты оның романтикасын емес, ерекшелігін басты назарға алатын боларсыз. Дәстүрлі кафелері, велосипедпен жүруге ыңғайлы жолдары, аспаптармен орындалған әдемі әуендер сізге ұнары сөзсіз.

Берлин

Амстердамнан пойызға отырып, 6 сағаттың ішінде Берлинге жете аласыз. Онда түрлі көрме, жәрмеңкелер жиі болып тұрады. Бірінің үстінен түссеңіз, камераңыз суретке толады. Бұл қала Амстердамға қарағанда «тірілеу», яғни қала тынымсыз. Студенттердің қарасы көп. Көшелерде суретшілерді де, әншілері де, бишілерді де көре аласыз әрі барлығы арзан.

Краков

Берлиннен Краков қаласына дейін жүрдек пойызбен шамамен 8 сағатта жетіп аласыз. Бұл қалада Ұлы Отан соғысынан зардап шекпеген ортағасырлық сәулет өнерін, көшелерді көруге болады. Мұнда жастар көп келеді. Себебі, тарихты білгісі келетіндер осы жерді көзбен көргісі келеді.