I Франсис патшаның бас кеңесшісі болған француз адмиралы Клод д’Аннебо таққа II Генри отырғанда өзінің саяси мансабына қауіп төнгенін түсініп, жаңа патша алдындағы мәртебесін оған сыйлық сыйлау арқылы көтеруді ұйғарады. Көп ойлана келе, ол заманының үздік картографы Пьер Десельені шақыртып, дүние жүзінің үлкен картасын жасауға тапсырыс береді. Деселье көлемі 1,5 х 2 метрді құрайтын карта дайындап шығады.
Тарихи картограф Ван Дюзердің айтуы бойынша, бірі шынайы, бірі қиялдан туған жағрафиялық ерекшеліктерге толы бұл карта Қайта өрлеу дәуірінен қалған ең үздік карталардың қатарына жататын көрінеді. Сондай-ақ, ол өзінің "Патшаға сыйланған әлем" атты кітабында Деселье жаһан туралы деректер жинастырғанда Клавдий Птоломейдің 1522 жылғы "Жағрафия" кітабына және Марко Поло мен Христофор Колумбтың тарихи жазбаларына сүйенгенін айтады.
Бұл сыйлықтың II Генри көңілінен шыққан-шықпағаны белгісіз. Дегенмен, Клод д’Аннебо мансабын сақтап қалды. Әлемге құнды мұра қалдырған адмирал 1552 жылы өмірден озған екен.
Автор: A. Р. Уильямс