Сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні Ұлыбританиядағы Рексон графствосындағы Понтфадог ауылында бүкіл аралдағы ең ежелгі екпінді желдің себебінен емен құлап қалды. Айта кетелік, өсімдік діңінің қимасының ұзындығы – 12,9 метр.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл ағаш елді мекеннің символы іспеттес болып кеткен.
Осы орайда жергілікті кеңестің өкілі Кен Скейтс: "Менің ойымша, бұл атақты понтфадогтық ағаштың маңызы Карнарвон сарайынан немесе Қасиетті Давидтің соборынан кем емес", - деді.
Ел арасында тараған ақпарат бойынша, емен 802 жылы егілген.
Айта кетелік, қатты соққан желдің әсерінен елді мекенде көптеген ағаш осылайша жер құшып қалған.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: hedgedruid.com, flickr.com, bbc.co.uk