104 жастағы Пегги Макэлпайн ұшақтан секірді

104 жастағы Пегги Макэлпайн ұшақтан секірді

104 жастағы Пегги Макэлпайн өзінің егде жасына қарамастан, ұшақтан парашютпен секіріп, өз рекордын өзі жаңартты. Екі ұлы, 4 немересі бар Пегги бұл ісін биіктікті ерекше сүйетіндігімен түсіндірді.  

Арбамен жүріп-тұратындығына қарамастан, 730 метр биіктіктен секіріп, ер жүректілік көрсеткені үшін Гиннес рекордтар кітабының өкілдері оны рекордсмендер қатарына енгізетіндігін айтты.

Бір қызығы Пегги Макэлпайн осыдан бес жыл бұрын дәл осындай ерлік жасап, дүйім жұртты дүр сілкіндірген болатын.

Кипрден шыққан Макэлпайн Sunday Express-ке берген сұхбатында: "Мен өмірімнің әрбір минутынан рахат табуға тырысатын адаммын. Оның үстіне биіктікті сүйетінім тағы бар. Шынымды айтсам, тағы бір рет секіріп көруге қарсы емеспін. Менің бұл рекордымды бәзбіреу жаңартатын болса, міндетті түрде рекордсмен атағымды қайтарып алуға қолымнан келгенін жасайтын боламын", - деп ағынан жарылды.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/7GSrWGYwdTU","width":"450","height":"256"});

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: novostiua.net, vk.com