Йоркшир графтығының тұрғыны Адам Лейтон (Adam Leyton) 24 сағатта барған елдер саны бойынша рекорд орнатты. 25 мамырда ол таңертеңгі сағаи 7-де Германиядан шығып, жолай Люксембург, Франция, Бельгия, Голландия, Дания, Швеция, Польша, Чехия, Словакия, Венгрияда болып, сапарын Австрияда аяқтады. Бұл туралы Daily mail басылымы жазады.
Бір тәулік ішінде турист Варшавадан Братиславқа баратын пойызда екі сағат қана көз шырымын алған. Соңғы 12-ші мемлекетке үлгеруі үшін оған шекараны жаяу кесіп өтуге тура келген. 39 жастағы үш баланың әкесі осы сапарын қаңтар айынан бері жоспарлаған.
Бұған дейінгі осындай әлемдік рекорд 1993 жылы орнатылған, ол кезде саяхатшы бір тәулікте 11 мемлекетке барып үлгерген.
Дереккөз: inform.kz