- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- 1 қараша -...
1 қараша - дүниежүзілік вегандар күні
Дүниежүзілік вегандар күні — 1994 жылы 1 қарашада Вегандар қоғамы өзінің 50 жылдығын тойлау тұсында пайда болған мереке. Веган сөзін Дональд Уотсон ағылшынша «vegetarian» (қазақша "вегетарианшыл") сөзінің алғашқы үш, соңғы екі әрпінен алып құраған. Бұл термин 1994 жылы 1 қарашадан бері Лондонда Вегандар қоғамында атала бастады.
Веганизм - жан-жануарларға ерекше аяушылықпен қарап, вегетарианшылдықты қатаң талап ететін өмір салты. Вегандар тек жануарлар мен аңдар етін жеуден ғана бас тартып қоймайды. Олар жануарлардың жұмыртқасын да, сүтін де, балын да ауызға татып алмайды. Тіпті олар былғарыдан, аң терісінен жасалған киімдерді киюден де бас тартады. Өйткені олар жан иелерінің бәрін өздеріндей көріп, оларды ас ретінде пайдаланудың орнына қорғау керек деп түсінеді. Сондықтан да олар тек көкөністермен, жемістермен қоректенеді.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: veggiebarn.net
А. Әбілхан