Massaget.kz порталының "Әдебиет" бетінің сүйікті оқырмандары! Бүгін назарларыңызға екі мықтының айтар ойы бөлек болса да, бір тақырып аясында жазылған туындысын ұсынамыз.
Қай сатирик бақаны пайдалана отырып, астарлы ойын мықты жеткізген? Бақаны арқау етіп, не айтпақшы болған деп ойлайсыздар? Пікір ретінде қалдыра отырыңыз...
Оспанхан Әубәкіровтың сықақ өлеңі
Бұл бақада,
кеуде зор екенін атама.
Құлай сүйген ата ма?
- Иә, атады.
- Бақа-бақа балпақ,
Басың неге жалпақ?
- Жалпақ?!
- Иә, сенің басың жалпақ.
- Жалпақ?! Жоқ менің басым жалпақ емес,
Менің басым домалақ!
Өз басының қандай екенін білмейтін, бақаларға обал-ақ.
Енді Оспанхан Әубәкіровты өзінің ұстазы санайтын Көпен Әмірбектің сатирасын ұсынамыз.
Екі бақа ерегісті бақ-бақ,
Жалғыз дауы – көлшіктегі батпақ.
- Ей, милау, қайда үлкенді сыйлау?
- Бұл батпақ менікі.
- Менікі?
- Иә, менікі.
- Атаңның басы сенікі. Бұл менің батпағым!
- Менің батпағым?
- Бақырайтып көзіңді,
Қайдағыны шатпағын!
Бұл менің батпағым!
Енді болмағанда екеуі,
Бірін-бірі ұрмақ еді,
Бақ еткізіп жеп қойды,
Екеуін де тырна кеп.
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
Сурет: news.headline.kz, writers.kz